Мемлекеттік мекемелер

Көкпекті аудандық қазынашылық басқармасы

 Қазақстан Республикасының Қазынашылық жүйесінің тарихы мен дамуы

 Қазақстан Республикасы Президенттің халыққа жолдауы- тәуелсіз елдің басты бағыты    *.doc 28 kB

 Жемқорлыққа жол жоқ!    *.doc 29 kB

Бастығы – Жадрин Болат Кенесканович

Жадрин Болат Кенесканович  11 қаңтар 1967 жылы Семей облысы, Көкпекті ауданы, Большевик совхозында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1986 жылы Семей құрылыс техникумын өнеркәсіп және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1993 жылы Өскемен қаласының Құрылыс жол институтын бітіріп, инжинер-құрылысшы деген квалификациясын алып шықты. 2010 жылы Қазақ гуманитарлық зан университетінің есеп және аудит мамандығы бойынша бітіріп, Бакалавр дәрежесі берілді. 1986-1988 жылдары совет армиясының қатарында әскери міндетін өтеп шықты.
1993 жылдың қыркүйек айында Көкпекті ауылының Ұлттық банкінің есеп кассалық орталығына экономист қызметіне жұмысқа қабылданып кейіннен аға экономист қызметіне ауыстырылды.
11.04.1996 жылы Көкпекті ауылының Ұлттық банкінің есеп кассалық орталығының бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
06.08.1997 жылы Бюджеттік банктің құрылуына байланысты Бюджеттік банктің бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
07.01.1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін Көкпекті аудандық қазынашылық басқармасы бастығының қызметін атқарады.
Үлгілі мемлекеттік қызмет атқарғаны үшін және Қазынашылық жүйесінде көп жылдары қызмет атқарғаны үшін 2007 жылы ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Қазынашылық органдарына 15 жыл толуына байланысты «Қазынашылық қызметінің үздігі»  атағымен марапатталды. Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жыл сайыңғы облыстық спартакиядаға қатысқаны үшін, ШҚО бойынша денешынықтыру және спорт басқармасының грамоталарымен бірнеше рет марапатталды. 
Үйленген, екі баланың әкесі.

Көкпекті аудандық қазынашылық басқармасы қызметінің бағыты:

ШҚО бойынша қазынашылық департаментінің Көкпекті аудандық қазынашылық басқармасы республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы функцияларды, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша опрерациялардың есебін қамтамасыз етуді және мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттары мен мемлекеттік мекемелердің шоттары бойынша операцияларды жузеге асырады.

Көкпекті аудандық қазынашылық басқармасы өз қызметін ҚР Конституциясы мен заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметіңің актілеріне, ҚР бюджеттік заңнамасына, ҚР Қаржы министрлігінің, Қазынашылық комитеті төрағасының, Департамент бастығының бұйрықтарына (өкімдеріне), өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай –ақ  Көкпекті аудандық қазынашылық басқармасы туралы ережеге сәйкес жүргізеді.

Қабылдау күндері: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00 ден 18.00 ге дейін
Мекен-жайы: ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Аухадиева көшесі 29
Телефон: 8 (723 48) 27-269

Көкпекті аудандық қазынашылық басқармасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат

«Қазынашылықтың басты бағдары- Қазақстан- 2050 Стратегиялық жоспары»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы – ел тари­хындағы аса маңызды тағы бір қарышты қадам. Яғни, тәуелсіздігіміздің жиырма бірінші жылынан бастап ел тарихында тағы бір серпінді стратегия жасалды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнайтын Жолдауы тек бағдарламалық сипатта ғана емес, оның ел өміріндегі тарихи, саяси маңызды құжат болып табылатынын да айтуымыз керек.
Президенттің Қазақстан халқына арнаған әр жылғы жолдауларының жүзеге асырылуы нәтижесінде еліміз әлемдік өркениеттегі өзінің лайықты орнын айқындады. Осыдан он бес жыл бұрын қабылданған «Қазақстан – 2030» Стратегиялық бағдарламасы Қазақстанды егемен мемлекет ретінде дамыту мен өркендетудің негізгі локомотиві болды. Осы бағдарлама негізінде халқымызды өркениет шыңына жеткізер, ел тәуелсіздігін баянды етер бірнеше жаңашыл реформалар жүзеге асты. Еліміздің қазіргі кезде 120-дан астам елмен саяси, әріптестік қарым-қатынас орнатуы, экономикамыздың тұрақты даму жолына түсуі – жүргізілген реформалардың жарқын жемісі, бедерлі белесі.
«Қа­зақстан-2050» Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты, жол сілтер шамшырағы, келесі буынға арналған дұрыс бағдары. Ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіруге арналған дәйекті де батыл жолы.
Ел халқына Жолдау арнау президенттік басқару нысанындағы мемлекеттердің бар­лығында дерлік бар. Халыққа арнап сөз сөйлеу, мемлекеттің ішкі және сыртқы сая­сатының негізгі қорытындыларын хабарлап, алдағы уақыттағы, таяу және ұзақ мерзімдегі атқарылар міндеттерді, жоспарларды нақтылау, дамудың басым бағыттарын жария ету, оны барша халыққа жеткізу елдік мұрат жолындағы сара жолды көрсететін бағыт-бағдарлық маңызды құжат болып табылады.
Сонымен қатар Стратегияда ерекше назарды мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына аударылып отыр. Стратегияда көрсетілетін басты міндет – мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем қөзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшуі. Осылайша Қазақстанда мемлекеттік бас­қарудың жаңа түрі құрылып, мем­ле­кеттік қызмет сапасы жақсаратын болады, мемлекеттік мекемелерге үлкен жауапкершілік жүктеліп, оларға қойылатын талаптары күшейтіледі. Осылайша стратегияда мемлекеттік мекемелерге жүктелген міндеттерді және талаптарды басты бағдар ретінде қабылдап Көкпекті аудандық Қазынашылық басқармасы да мемлекеттік бас­қарудың жаңа түрін салуға өз үлесін барынша қосады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы деңгейінің көтеріліуінің бірінші қадамы ретінде Көкпекті ауданында «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесін енгізу деп санауға болады, өйткені бұл барлық деңгейдегі бюджеттің атқарылу процессінің сапасын тағы бір сатыға жоғарлатып, жаңа технологияларының мемлекеттік қызмет көрсету саласында өз орынын табылуы ретінде қабылдауға болады. Бұл ақпараттық жүйе электрондық технологияның, ақпараттық қамсыздандыру бағдарламаларының негізінде жасалған нағыз ІТ технология болып табылады. Ақпараттық жүйенің артықшылықтары және мүмкіндігі өте мол, солардың ең бастысы  мемлекеттік мекемелердің қаржысын және уақытынын үнемделуі болып табылады. Мысалы мемлекеттік мекемелерге кассалық операцияларды жүзеге асыру үшін бірнеше күнді кетіріп және аудан орталығында орналасқан аудандық қазынашылық басқармасына баруға тура келетін, жол шығындарына және тағы да басқа қаржы шығындарына әкеліп соғатын. Мемлекеттік мекеме «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне қосылғаннан кейін, кассалық операциялар бірнеше минутта орындалып, мекеме офисінен шықпай-ақ барлық операциялардың мән- жайын біліп отыруға мүмкіншілік береді, ал бұл уақыттын және мемлекеттік мекеменің қаржысын үнемделуіне жол береді. Айта кететін бір жайт бұл ақпараттық жүйе бір-ақ күнде келе қойған жоқ, 2011-2012 жылдары арасында Көкпекті аудандық қазынашылық басқармасы жергілікті атқарушы органымен бірлесе отырып бірқатар дайындық жұмыстарын атқарған, бұл мекемелердің техникалық жағынан жабдықталуы және жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылу жұмыстары, нәтижесінде 2014 жылдың басынан кассалық операцияларды 100 пайыз толыққанды «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылып отыр. Әрине жүйенің жұмысына және мекемелердің құжаттарының өңделуіне Көкпекті ауданының қазынашылық басқармасының қызметкерлері де ат салысады, бұған басқарманың штат қызметкерлерінің кәсіби деңгейі де тәжірибесі жетеді. Қызметкерлердің барлығы Астана қаласындағы қаржы жүйесі органдарының біліктілігін арттыру орталығында, бюджеттік заңнама саласында өз білім сапасының деңгейін арттырып, «Қазынашылық-Клиент» жүйесінің жұмысын зерделеп таныған. Қорытындылай келе алдағы уақытта Көкпекті аудандық қазынашылық басқармасы мемлекеттік қызмет көрсету сала деңгейінің күн сайын жоғарлауына бар кәсіби тәжірибесін және күшін салмақ.

Көкпекті аудандық қазынашылық
басқармасының басшысы Б.К.Жадрин

 

Парақтар өзгертілді: 30-05-2017