Мемлекеттік мекемелер

Қазақстан Республикасы өңірлік даму Министрлігінің "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорының Шығыс Қазақстан филиалының Көкпекті аудандық бөлімі

Оралхан Сайлауұлы Сенгербаев- Қазақстан Республикасы өңірлік даму Министрлігінің

"Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорының Шығыс Қазақстан филиалының Көкпекті аудандық бөлімінің басшысы.

1959 жылы 17 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында, Самар ауыданында, Көкжыра ауылында туған.
Білімі жоғары- «Ғалым агроном» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын және «Жерге орналыстыру» мамандағы бойынша Д.Серикпаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалык университет бітірген.

Қызметтік тізімі:

1980 жылдың наурыз айынан бастап 1983 жылдың ақпан айына дейін ШҚО Самар ауданы, Амангелді атындағы колхозының агрономы. 
1983 жылдың наурыз айынан 1985 жылдың қыркүйек айына дейін Талғар ауыл шаруашылық техникумы кәсіподағының төрағасы.
1985 жылдың қазан айынан 1989 жылдың қазан айына дейін ШҚО Самар ауданы, Амангелді атындағы колхозының кәсіби комитетінің төрағасы. 
1989 жылдың қазан айынан 1991 жылдың желтоқсан айына дейін Самар аудандық комитет партиясының нұсқаушысы. 
1991 жылдың қаңтар айынан бастап 1996 жылдың наурыз айына дейін «Новая жизнь-Жаңа өмір» аудандық газеті редакторының орынбасары.  
1997 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың наурыз айына дейін ШҚ ЕМК «ҒӨОжер» шаруашылық есеп тобының басшысы.  
2005 жылдың наурыз айынан бастап Көкпекті аудандық жер-кадастрлау бюросының меңгерушісі.
2012 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы өңірлік даму Министрлігінің
"Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорының Шығыс Қазақстан филиалының Көкпекті аудандық бөлімінің басшысы.

Лауазымдық міндеттері:

Көкпекті ауданындағы жер телімдеріне жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарын орындау үшін жеке және заңды тұлғалардан өтінімдерін алады; Жеке, заңды және беймемлекеттік тұлғалармен жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды орындау бойынша шарттарды жасасады; Көкпекті аудандық бөлімшесінің жұмысшыларымен тұжырымдалған жерге орналастыру жобаларына, жер-кадастрлық істеріне: Көкпекті ауданының елді мекендерінде, сондай-ақ, елді мекендерің шегінен тыс орналасқан жер телімдеріне кадастрлық (бағалау) құнын анықтайтын актісіне, мемлекеттік жер кадастрлық мәліметтеріне, жер-кадастрлық жұмыстарды орындау бойынша сметаларға, Көкпекті аудандық бөлімшесімен дайындалатын жеке меншік құқығындығы сәйкестендіру құжаттарына, Көкпекті аудандық бөлімшесінің қызметкерлігіне сәйкес хаттарына қол қояды.

Қызмет мәні: Мемлекеттік жер кадастры, жер мониторингі және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу және оларды арттыру қызмет мәні болып табылды.

Адресі: ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Больничный городок көшесі 2 үй 4 пәтер, индексі  071000 
Самар ауылы, Горохов көшесі, 58 үй, индекс 071010
Телефоны: 8(72348)2-15-18
Факс: 8(72333)2-51-43
Электрондық пошта: Rai244@aisgzk.rz
Қабылдау күндері:  Көкпекті ауылы сейсенбі, бейсенбі, жұма
Самар ауылы дүйсенбі сәрсенбі,
Жұмыс уақыты 9.00 - 18.00
Түскі үзіліс 13.00- 14.00

Парақтар өзгертілді: 14-01-2016