Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады

Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтен өту мәселесі Мемлекеттік қызметтен өту тәртібі туралы Ережемен реттеледі.

Қазақстан – 2030 Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі – кәсіби үкімет құруды есепке ала отырып, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі өзінің алғашқы іс-әрекетінен бастап негізгі күшін тиісті білімі және қажетті жұмыс тәжірибесі бар, жоғары кәсіби кадрларды мемлекеттік қызметке тарту үшін жағдай туғызуға бағыттады.

2000 жылдың қаңтарынан бастап республикада мемлекеттің қызметке жіберілуі біркелкі азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, мемлекеттік органдардағы бас әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеу процесі енгізілді.

Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу Ережесімен сәйкес жүргізіледі.

Конкурстың бірқатар тізбекті кезеңдері бар:

* конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;
* конкурстық комиссияны құру;
* белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігіне конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдайды және талдайды;
* үміткерлерді тестілеу;
* конкурстық комиссияның қорытынды мәжілісі.

Ашықтылық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында конкурс өткізуші мемлекеттік орган конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауға міндетті.

Орталық мемлекеттік органдарында және олардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволарында конкурс өткізу кезінде хабарландыруларды Қазақстан Республикасының барлық аумақтарына таралатын мерзімдік баспасөз беттерінде жариялайды. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес келетін сол аумақта таралатын мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар Ережеде көрсетілген құжаттарды (анкета, конкурсқа қатысуға өтініш) конкурс өткізуші мемлекеттік органға тапсырады, олар конкурстық комиссияда қаралады.

Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде біркелкі көзқарасты қамтамасыз ету және үміткерлерді конкурстық іріктеу кезінде бұданда кеңірек таңдау үшін жағдай жасау мақсатында Типтік біліктілік талаптарын басшыдыққа алады.

Конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тиісті мемлекеттік органға хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның мекен-жайына ұсынады.

 Ұсынылған құжаттарға талдау жасаудың негізінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыны тестіден өтуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

Әр конкурстың шарттарына сәйкес үміткерлер заңдарды білудің міндетті компьютерлік тестісінен өтуге тиісті.

Тестілеудің мақсаты үміткерлердің қабылеттілігіне әділ баға беру болып табылады.

Әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың санаттарына байланысты түрлі тестілеу бағдарламасы қойылуға тиісті.

Қазіргі уақытта тестілеу бағдарламасында заңдарды білу, сондай-ақ, қисынды ауызша емес (санаттарына байланысты) сынақ түрлері бар.

Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер оны белгіленген тәртіппен Агенттікте немесе еліміздің барлық 16 аумақтарындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің аумақтық тестілеу орталықтарында, құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Тестілеудің қашықтық жүйесі Агенттіктің орталық серверіне қосылған компьютерлерде өтеді, бұл тестілеу рәсімдері талаптарының бір ізділігіне және барынша шынайылығына кепілдік береді, конкурстық іріктеудің сапасын бақылауға жағдай туғызады.

Тестілерді қолданудың ең жоғары қалыптарын мүлтіксіз ұстану ықтимал мәселелер мен теріс пиғылдардан аулақ болуға және конкурстық іріктеуге қатысушының, жалпы мемлекеттік қызметшілер үшін және әрбір үміткерлер үшін олардың артықшылығын барынша пайдалануға мүмкіндік береді, бұл және барлығы үшін әділдік пен тең мүмкіншілікті қамтамасыз етеді. Тест бойынша алғашқы қадамдары табысты болған үміткерлер конкурстық іріктеудің келесі кезеңі - әңгімелесуге жіберіледі.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны, тестілеу өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда өтеді.

Әңгімелесудің мақсаты - үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттеріне баға беру болып табылады.

Қорытынды мәжілісте конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың, тестілеу нәтижелерінің және өткізілген әңгімелесудің негізінде әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасу үшін үміткерлерді іріктеуді жүзеге асырады. Тек бір ғана үміткер қанағаттанарлық қорытындыға ие бола алады, екінші үздік үміткерді кадр резервіне есепке алу үшін ұсынуы мүмкін. Егер бос лауазымға орналасуға лайықты үміткерлер анықталмаған жағдайда, мемлекеттік орган қайта конкурс жариялай алады.

Конкурстық комиссияның қанағаттанарлық қорытындысын алған үміткер әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін заңда көзделген талаптарды сақтай отырып, конкурсқа шығарылған лауазымға ие болуға құқылы.

ҚҰЖАТТАР ҮЛГІСІ

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары

Мемлекеттiк қызметшiнiң:

1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) Өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне адiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет тұралы заңында белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
10) бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi

Мемлекеттiк қызметшiлер:
1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
5) мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға;
6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;
7) заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға;
8) басшылардың бұйрықтары мен әкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
9) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;
10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда кезделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;
12) мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерi оның өкiлеттiгінен түйiсетiн немесе қайшы келетiн жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге;
13) қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға мiндеттi.

Мемлекеттік қызметші келесі этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс:

1. Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек.

2. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекет игілігіне жұмыс істеу, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.

3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресін?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оны қоршаған дауалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.

4. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.

5. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.

6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.

7. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек.

8. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.

Қазақстан республикасының президенті н.ә. назарбаевтың 2008 жылғы 6 қарашада өткен «нұр отан» хдп-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен 

Көкпекті аудандық мәслихат аппаратының бос мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарғаәңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі.

2014 жылғы 5 наурыз сағат 11.00
1.Назикеева Венера Болатовна
2.Масғұт Нұржан Нұрланұлы

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру

(республикалық Егемен Қазақстан газетінің 2014 жылғы 13 наурыздағы №49 (28273) санында жарияланған)

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарлайды.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне барлығы 100 адамнан аспайтын, оның ішінде:
-  1-ші санаттың 1-ші тобына 10 адамға дейін;
-  1-ші санаттың 2-ші тобының 1) кіші тобына 10 адамға дейін;
-  1-ші санаттың 2-ші тобының 2) кіші тобына 20 адамға дейін;
-  1-ші санаттың 2-ші тобының 3) кіші тобына 40 адамға дейін;
-  2-ші санатқа 20 адамға дейін алу үшін іріктеу өткізіледі.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 708 Жарлығымен бекітілді.
«А» корпусының кадр резервіне іріктеу 3 кезеңнен тұрады:
1) үміткерлердің құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігін қарау;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасаған кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасы, қисынды ойлау, біліктілік деңгейін анықтау, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша үміткерлерді тестілеу;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиялары және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс органдары жасаған кестелерге* сәйкес үміткерлермен әңгімелесу.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы
№ 524 Жарлығымен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларында қажетті құжаттардың тізбесі көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департтаменттері құжаттарды 2014 ж. 13 наурызынан 2014 ж. 28 наурызын қоса алған кезеңде қабылдайды.
Үміткерлердің көрінеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерінің анықталуы оларды іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.
Құжаттар kyzmet_a@kyzmet.kz электрондық почта және қолма-қол немесе келесі адрес бойынша қабылданады:

  Аумақ Адрес
1 Орталық аппарат Астана қ,,  Абай көшесі, 33а
2 Астана қаласы бойынша аумақтық департамент Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11
3 Алматы қаласы бойынша аумақтық департамент Алматы қ., Республика алаңы, 4
4 Ақмола облысы бойынша аумақтық департамент Көкшетау қ., Сатпаев көшесі, 1, корпус Б
5 Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департамент Ақтөбе қ,, Абылхайыр-хан даңғылы, 40
6 Алматы облысы бойынша аумақтық департамент Талдықорған қ,, Тәуелсіздік көшесі, 38
7 Атырау облысы бойынша аумақтық департамент Атырау қ, Әйтеке би көшесі, 77
8 Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент Өскемен қ, Горький көшесі, 40
9 Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент Тараз қ, Абай көшесі, 125
10 Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент Орал қ, Достық көшесі, 201
11 Қарағанды облысы бойынша аумақтық департамент Қарағанды қ,, Бульвар Мира даңғылы, 39
12 Қостанай облысы бойынша аумақтық департамент Қостанай қ,, Қасымқанов көшесі, 34
13 Қызылорда облысы бойынша аумақтық департамент Қызылорда қ,, Жахаев көшесі, 76
14 Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департамент Ақтау қ,, 9 мкр., 23 ғимарат
15 Павлодар облысы бойынша аумақтық департамент Павлодар қ, Кайырбаев көшесі, 32
16 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент Петропавл қ,, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58
17 Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент Шымкент қ, Тәуке хан даңғылы, 6

Құжаттар қабылданғанда үміткерге олардың тіркелгені туралы қолхат беріледі (ол электрондық түрде болуы мүмкін).
Құжаттар электрондық почта арқылы жіберілген жағдайда, үміткерлер құжаттардың түпнұсқаларын тестілеу басталудан үш сағаттан бұрын ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда үміткер тестілеуге жіберілмейді.
Толық ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.kyzmet.gov.kz «А» корпусы» бөлімінде және келесі телефондар бойынша алуға болады:

Облыс  Телефон
1 Астана қ. 8 (7172) 75 34 75, 75 34 23, 75 33 04, 75 35 31,        8 701 100 98 65, 8 701 100 62 96, 8 701 100 82 75
2 Алматы қ.    8 (727) 272 01 85, 72 02 64
3 Ақмола облысы 8 (7162) 25 32 64, 25 36 40, 72-18 19
4 Ақтөбе облысы 8 (7132) 54 26 88, 93 21 73
5 Алматы облысы 8 (7282) 27 09 28, 27 21 40, 8 777 288 22 95,                       8 777 248 43 65
6 Атырау облысы 8 (7122) 32 11 88, 27 09 69
7 Шығыс Қазақстан облысы 8 (7232) 24 10 44, 26 58 67
8 Жамбыл обласы 8 (7262) 43 05 36, 43 49 97
9 Батыс Қазақстан облысы 8 (7112) 51 38 94, 50 94 09
10 Карағанды облысы 8 (7212) 42 13 23
11 Қостанай облысы 8 (7142) 50 11 44
12 Қызылорда облысы 8 (7242) 27 80 18, 8 747 220 44 83
13 Маңғыстау облысы 8 (7292) 42 71 88, 42 83 42, 42-82-87
14 Павлодар облысы 8 (7182) 32 29 72, 32 72 72
15 Солтүстік Қазақстан облысы 8 (7152) 50 18 21, 46 23 59
16 Оңтүстік Қазақстан облысы 8 (7252) 55 00 20, 53 06 10, 53 75 39

Қосымша ақпарат:
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған ұсынымхат үлгісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.kyzmet.gov.kz «А» корпусы». Құжат үлгілері» бөлімінде орналасқан.
Ескертпе:

* Орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарындағы аумақтық бөлімшелерінде, жергілікті мемлекеттік органдарда лауазымдарды атқаратын үміткерлер алдын ала әңгімелесуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссияларында өтеді.
Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын үміткерлер өздерінің тіркелген тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссияларында әңгімелесуден өтеді.
Ұлттық комиссияда әңгімелесу барысында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссияларының ұсыныстары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

 

Парақтар өзгертілді: 19-01-2016