Мәдениет

КМҚК «Бос уақыт орталығы»

КМҚК «Бос уақыт орталығының» директоры: КМҚК «Бос уақыт орталығының » жетекшісі Тоянкенов Нұрлан Болатбекұлы

Тоянкенов Нұрлан Болатбекұлы 1974 жылы Семей қаласы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында дүниеге келді.
1995 жылдың 5-ші шілдесінен бастап Киномеханик ретінде Көкпекті аудандық мәдениет  үйіне жұмысқа қабылданды.
1996 жылдың 3-ші қаңтарынан бастап Вокалдық топ, «Толағай» тобының мүшесіне әртіс болып қабылданды.
1998 жылдың 7-ші шілдесінен бастап Көкпекті аудандық мәдениет үйіне әртіс болып жұмысқа қабылданды.
1999 жылдың 13-ші сәуірінен бастап Көкпекті аудандық мәдениет үйіне директор лауазымы бойынша жұмысқа қабылданды.
2009 жылдың 2-ші шілдесінен бастап КМҚК «Бос уақыт орталығына» әртіс ретінде жұмысқа қабылданды.
2011 жылдың 22 маусымынан бастап КМҚК «Бос уақыт орталығының» жетекшісі болып тағайындалды.

Жетекшінің лауазымдық міндеті, функциясы

Мекеме қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру және бақылау; мәдениет және клуб үйлерінің құрылымын қаржылық бағдарлама бойынша жоспарлау және ұйымдастыру;
Материалдық базаны нығайтуға басшылық жасау. Кадрларды іріктеу мен орналастыру принципін білу; еңбекті бағалау және төлеудің жүйесін білу; ұжымның шығармашылық және шаруашылық жұмыстарының жоспарлы түрде өтуін қадағалау және үйлестіру.

Қабылдау уақыты: 14-30 ден 18-30-ге дейін, күн сайын
Телефон 8 (72348) 2-17-03
Мекен-жайы: Көкпекті ауылы, Бакина көшесі 27
Мәдениет үйінің жұмыс кестесі:
сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін.
үзіліс 13:00-ден 14:30-ге дейін.

Мекен-жайы: Индекс: 071000, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Бакина көшесі 27
Байланыс телефоны: 8 (72348) 2-17-03

Қабылдау уақыты: 14.30-18.30  күнделікті
мекен жайы: Көкпекті аул. Бакина 27
Обращаться: в районный Дом культуры, методист: Аргингазина  А., тел: 8-705-264-00-62
Сұрақтар бойынша: Мәдениет үйінің  әдіскері Аргингазина  А., тел: 8-705-264-00-62

Мақсаты:Мәдениет үйлерінің және ауылдық клубтардың жұмыстарының басты мақсаты идеялық-тәрбие, мәдени-ағарту, ғылыми информациялық жұмыстарының өрісінің тереңдей түсуі,ауыл халықтарының бос уақытын өнегелі, рухта тәрбиелеп, толық рухани қанағаттандыру, мәдениеттің көпсалалы түрлеріне өнерге толы адамдардың шығармашылық табыстарына көз жету болып табылады.

Мәдениет үйі қызметкерлерінің міндеттері

Театр (музыкалық, хор, хореграфиялық) ұжымының жұмысына басшылық етеді. Жұмыс жоспарының ағымдық және перспективалық жұмысына, ұйымның ұйымдастыру-шығармашылық іс-шараларды өткізуге қатысады. Спектакльдер, концерттік, музыкалық және би бағдарламаларын қоюды жүзеге асырады. Репертуар, ноталық материалдар, орындаушылар құрамын іріктейді, олармен топтық және жеке дайындықтар жүргізеді. Орындаушылық шеберлік сонымен қатар орындаушылық шеберліктің деңгейін қамтамасыз етеді. Шығармашылық ұжымдарды, қоғамдық ұйымдарды, көркемөнерпаздар ұжымдарын, дирижер, хормейстер және басқа да шығырмашылық жұмысшыларды жұмысқа қатысуға тартады. Әдістемелік кабинетті ұйымдастыру, тақырыптық кешетерді дайындау, театрланған мерекелерді, карнавалдарды, халықтық сауық-сайран және басқа жалпы халықтық іс-шаралар жұмыстарына қатысады, көркемөнерпаздар үйірмелерінің жетекшеріне көмек көрсетеді. Дайындық, орындауды тіркеуді жүргізеді.

Атқарылған және атқарылатын жұмыстар:
Бүгінде ауданның мәдениет жүйесінде Көкпекті және Самар ауылдарындағы екі аудандық мәдениет үйі, 34 ауылдық клуб үйлері қызмет көрсетеді. Мәдениет мекемелерінің барлық атқарып отырған жұмыстары ауыл халқының мәдениетін, өнерден тыс қалмауын, мәдениет үйлерімен және ауылдық клубтарда керекті де қызықты іс-шаралар өткізетін, көпшілікке насихаттау орталығы болғандықтан жалпы жұмыстардың барлығы мәдениет мекемелерінде өткізіледі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын мерекелеуге арналған «Көкпекті ауданының 20 игі ісі» жоспары құрылып бекітілді. Ағымдағы жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Көкпекті селолық әкімінің жүлдесіне «Тәуелсіздіктің тұғыры биік болсын» атты аудан орталығындағы кәсіпорындар мен ұйымдар арасында көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылды.

Көкпекті 20 игі ісі бағдарламасындағы жоспар бойынша Тассай және Көкжайық ауылдық клуб үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 30 млн теңге қаражат бөлінді.Сонымен қатар оркестр құруға және арнайы мамандармен қамтамасыз етуге биылғы жылдың бюджетінен қаражат қарастырылды. Аудандық мәдениет үйінде жыл сайынғы өткізілетін дәстүрлі «Есіңде ме сол бір кез» ретро әндер кеші, 8-наурыз халықааралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты жиын, концерттік бағдарламалар, көгілдер алау, би кештері атап өтілді. 22- наурыз «Наурыз жыл басы», «Қош келдің әз наурыз» тақырыптарында наурыз мейрамы тойланып өтті. Өскемен қаласында Көкпекті ауданының «Туған жер алтын бесігім» атты мәдени күні өтті.   
Қарағанды облысының Қараөткел ауданында Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерей тойына, Астана қаласында өткен ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне, Катонқарағай ауданындағы «Алтай –түркі әлемінің алтын бесігі» атты халық аралық форумына мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.

 

Қазіргі уақытта ауданның барлық селолық округтерінне Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ел тірегі» атты үгіт поиізімен концерттік бағдарлама қоюда. Тәуелсіздік күніне халық аспаптар оркестірінің тұсау кесер рәсіміне дайындық үстінде.

«Бос уақыт орталығы» КМҚК қарасты мәдениет  мекемелері:

  • Көкпекті аудандық Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі
  • Самар мәдениет үйі
  • Тассай ауылдық клубы
  • Үлкенбөкен  ауылдық клубы
  • Преображенка  ауылдық клубы
  • Малая- Буконь  ауылдық клубы
  • Воздвиженка  ауылдық клубы
  • Теректі  ауылдық клубы
  • Шұғылбай  ауылдық клубы
  • Үлгілімалшы ауылдық клубы
  • Мамай  ауылдық клубы
  • Көкжайық  ауылдық клубы
  • Қарамойыл  ауылдық клубы
  • Биғаш  ауылдық клубы
  • Комсомол  ауылдық клубы
  • Егінбұлақ  ауылдық клубы
  • Белое  ауылдық клубы
  • Жана-жол  ауылдық клубы
  • Бастаушы ауылдық клубы
  • Көкжота ауылдық клубы
  • Кұлынжон ауылдық клубы
  • Көкжыра ауылдық клубы
  • Мариногорка ауылдық клубы
  • Палатцы ауылдық клубы
  • Подгорное ауылдық клубы
  • Миролюбовка ауылдық клубы
  • Раздольное ауылдық клубы
  • Сарыбел ауылдық клубы
  • Новостройка ауылдық клубы
  • Ұзынбұлақ ауылдық клубы
  • Жұмба ауылдық клубы

 

Мәдениет үйлерінің көрсететін қызметтері
• Сахналық киімдерді беру
• Мерекелік шаралар өткізу; мәдени қызмет көрсету.
• Мерекелік рәсімдерді өткізу
• Кәсіби деңгейде музыкалық аппаратурамен музыка жазу

 

2017 жылдың І-жартыжылдығында КМҚК «Бос уақыт орталығының» атқарылған жұмыстарының ақпараты *.doc 152 МБ
  Көкпекті аудандық мәдениет бөлімінің «Бос уақыт орталығы» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының мәдени іс-шаралары бойынша 2017 жылдың 1 тоқсандағы қорытынды ақпараты *.doc 4 МБ
  Көкпекті аудандық мәдениет бөлімінің «Бос уақыт орталығы» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының мәдени іс-шаралары бойынша 2016 жылғы қорытынды ақпараты *.doc 12 МБ
  Көкпекті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Бос уақыт орталығы» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының өткізілген 2016 жылдың 9 айлық есебі бойынша мәдени іс-шаралары туралы ақпараты *.doc 2 МБ
  Көкпекті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Бос уақыт орталығы» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының бірінші жартыжылдықта өткізілген мәдени іс-шаралары бойынша ақпараты 2016 жылдың І жартыжылдығында *.doc 4 МБ
  Көкпекті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Бос уақыт орталығы» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының бірінші жартыжылдықта өткізілген мәдени іс-шаралары бойынша ақпараты *.doc 5 МБ
  Ақпарат КМҚК «Бос уақыт орталығының» 2014 жылғы қаңтар, ақпан, наурыз айларында атқарылған жұмыстары туралы *.doc 1.1 MB

 

Парақтар өзгертілді: 24-07-2017