Селолық округтер

Теректі селолық округінің әкімі

  Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы  
  «Теректі селолық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже *.doc 87 KB

Ахметкалиев Кайрат Айпказыевич Селолық округ әкімінің міндетін атқарушы– Ахметкалиев Кайрат Айпказыевич

28мамыр 1967 жылы Семей облысы, Көкпекті ауданы, Қарағандыкөл ауылында туған. Білімі жоғары.Үйленген. 1990 жылы Талды-Қорған қаласында Кәсіптік –педагогикалық колледжі «Техник-механик» мамандығы, 2007жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университетін «Агроинженерия» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:
08.1984-06.1985 жылдары Қарағандыкөл совхозының №2 фермасында жұмысшы.Семей облысы, Көкпекті ауданы, Қарағандыкөл ауылы.
06.1985 – 06.1987 жылдары Мәскеу қаласында Кеңес Армиясының қатарында.Арнайы жеке күзет ротасы. Фрунзе атындағы әскери академиясы.
06.1987 – 08.1987 жылы Оқуға түсуіне байланысты  шығарылды.
08.1987 – 06.1990 жылдары Талды-Қорған қаласы. Индустриально –педагогикалық колледжі.
09.1990 - 09.1996 жылдары Семей облысы, Көкпекті ауданы, Қарағандыкөл ауылындағы Шмидт атындағы орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі.
09.1996 – 07.2003 жылдары ШҚО, Көкпекті ауданы, Қарағандыкөл ауылындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде Оқу – тәрбие жөніңдегі жұмысты ұйымдастырушысы.Дене шынықтырупәнінің мұғалімі.
07.2003 – 03.2004 жылдары ШҚО, Көкпекті ауданы, Қарағандыкөл ауылы . Қарағандыкөл селолық округі әкімінің міндетін атқарушы.
03.2004 – 06.2009 жылдары  ШҚО, Көкпекті ауданы, Қарағандыкөл ауылы . Қарағандыкөл селолық округінің әкімі.
06.2009 – 08.2013 жылдары ШҚО, Көкпекті ауданының  Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
08.2013 – 11.2013 жыл ШҚО, Көкпекті ауданы Дене шынықтыру және спорт бөлімінің  бас маманы.
12.2013 – 02.2014 жылдары ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы Көкпекті селолық округі аппаратының  инспекторы.
08.2014 – 10.2016 жылдары ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы Көкпекті селолық округі әкімі аппаратының инспекторы.
10.2016 – 12.2016 жылы ШҚО, Көкпекті ауданы, Биғаш ауылы . Биғаш селолық округі әкімінің міндетін атқарушы.
12.2016 – 05.2017 жылдары ШҚО, Көкпекті ауданы, Биғаш ауылы . Биғаш селолық округінің әкімі.
01.2018 – 04.2018 жыл ШҚО, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен  ауылы Үлкенбөкен селолық округі әкімі аппаратының бас маман.
2018 жылдың 2- ші сәуірінен  ШҚО, Көкпекті ауданы, Теректі ауылы . Теректі ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.

Функционалдық міндеттері:

Селолық округ әкімі аппараттың жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық етеді және өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді

Селолық округ әкімі заңдарға сәйкес:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен жне азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) селолық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдыќ жұмыстарды ұйымдастырады.
22) селолық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ селолық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
23) Қаладағы аудан, селолық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
24) Әкім нормативтік – құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік – жарлық, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

Қабылдау күні: әрбір сейсенбі және бейсенбі сағат 10:00-ден 13:00-ге дейн, апта сайын
Адресі: ШҚО, Көкпекті ауданы, Теректі ауылы, М.Макатаева к-сі № 5
Электрондық пошта адресі: terekti@kokpekti.vko.gov.kz
Телефоны: 8 (72348) 50-152,50-052

 

Парақтар өзгертілді: 15-10-2018