Селолық округтер

Үлкенбөкен селолық округінің әкімі

  Үлкенбөкен селолық округі әкімінің 2014 жылғы есеп-беру баяндамасы *.doc 56Kb
  Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы  
  «Үлкенбөкен селолық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже  

Назарханов Нұрлан Үмітқазыұлы Округ әкімі – Назарханов Нұрлан Үмітқазыұлы

20 қазанда 1963 жылы Семей облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылында туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары, 2012 жылы Мемелекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін бітірген. Үйленген, екі қызы бар.

Еңбек жолы:

03.1988-04.1991 жж - «Көкпекті» аудандық арнайы шаруашылық бірлестігінің № 3 бөлімшесінің агрономы, Семей облысы, Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылы.
04.1991-02.12.1992 жж - Саяхимов атындағы бастапқы комсомол ұйымының хатшысы, бас маманы Семей облысы, Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылы.
04.1993-01.1994 жж - Аудандық жастар қорының төрағасы, Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
01.1994-04.1995 жж - Аудандық әкімшіліктің әлеуметтік-саяси бөлімінің жастар ісі жөніндегі аудандық комитетінің меңгерушісі, Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
06.1995-05.2010 жж - Қ. Аухадиев атындағы селолық округтің әкімі, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Преображенка ауылы .
08.2010-06.2011 жж - Ішкі саясат бөлімінің инспекторы,Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
06.2011-09.2012 жж - КМҚК «Бос уақыт орталығы» директоры, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
09.2012-01.2013 жж - Белое селолық округі әкімінің міндетін атқарушы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Белое ауылы.
01.2013-08.2013 жж - Белое селолық округінің әкімі, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Белое ауылы.
08.08.2013 – 31.12.2013 -  Үлкенбөкен селолық округі әкімінің міндетін атқарушы
31.12.2013 – қазіргі уақытқа дейін – Үлкенбөкен селолық округінің әкімі

Функционалдық міндеттері:

Селолық округ әкімі аппараттың жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық етеді және өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді

Селолық округ әкімі заңдарға сәйкес:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен жне азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық  актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) селолық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдыќ жұмыстарды ұйымдастырады.
22) селолық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ селолық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
23) Қаладағы аудан, селолық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін. 
24) Әкім нормативтік – құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік – жарлық, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады. 

Қабылдау күні: сейсенбі 14.00-ден 18.00-ге дейін.
Адресі:  ШҚО, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы Калинин к-сі № 5
Электрондық пошта адресі: ulkenboken@kokpekti.vko.gov.kz
Телефон: 8(72 348) 26- 198

 

Парақтар өзгертілді: 16-06-2017