Селолық округтер

Қ. Аухадиев атындағы селолық округінің әкімі

  Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы
  «Қойгелді Aухадиев атындағы селолық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Малгаждарова Меруерт Умуркановна Округ әкімінің міндетін атқарушы – Малгаждарова Меруерт Өмірханқызы.

1976 жылы 25 желтоқсанда  Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1998 жылы Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады.
22.04.2003 ж. - 14.07.2003 ж.  Курчатов қаласының еңбек және тұрғындарды әлеуметтік
қорғау бөлімінің электронды пошта операторы, Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы.
15.07.2003 ж. - 21.01.2009 ж. Курчатов қаласының әкімі аппараты кеңсе бөлімінің бас маман - аудармашысы, Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қ.
02.02.2009 ж. - 05.05.2009 ж. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» ЕМК-ның аудармашысы, Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қ.
06.05.2009 ж. - 16.07.2012 ж. Курчатов қаласының әкімі аппараты кеңсе бөлімінің бас маманы м.а., Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қ. 
01.10.2013 ж. - 15.04.2014 ж. Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппаратының бас маман-хатшысы, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Преображенка ауылы,
20.11.2015 ж. - 02.04.2018 ж. Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппаратының бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Преображенка ауылы, 
02.04.2018 ж. бастап Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің міндетін атқарушы, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Преображенка ауылы.
Тұрмыста. Бір қыз бен үш ұлдың анасы.

Функционалдық міндеттері:

Селолық округ әкімі аппараттың жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық етеді және өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді
1. Селолық округ әкімі заңдарға сәйкес:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен жне азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) селолық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдыќ жұмыстарды ұйымдастырады.
22) селолық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ селолық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
23) Қаладағы аудан, селолық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
24) Әкім нормативтік – құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік – жарлық, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

Қабылдау күні: әрбір сейсенбі және бейсенбі сағат 10:00-ден 13:00-ге дейн, апта сайын
Адресі: ШҚО, Көкпекті ауданы, Преображенка ауылы Садовая б\н
Электрондық пошта адресі: k.auhadiev@kokpekti.vko.gov.kz
Телефоны: 8 (72348) 50-004,50-274

 

Парақтар өзгертілді: 25-04-2018