Селолық округтер

Миролюбовка селолық округінің әкімі

  Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы
  «Миролюбовка селолық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Асауп Гүлнар Оразбекқызы Округ әкімі – Асауп Гүлнар Оразбекқызы

6 ақпанда 1962 жылы ШҚО облысы Самар ауданы Самар ауылында туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары, 2005 жылы психолог, психология пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша Қазақстан-Американдық еркін университетін бітірген.

Еңбек жолы:

09.1980- 08.1983 жж - Қараөткел мектебінің физика және сызу пәндерінің мұғалімі ШҚО Самар ауданы, Қараөткел ауылы
08.1983-29.07.1985 жж - Пантелеймонов мектебінің химия, биология және дене шынықтыру пәндерінің мұғалімі ШҚО Самар ауданы
07.1985-12.1998 жж - ауыл клубының меңгерушісі, авто клубының меңгерушісі, мәдениет бөлімінің инспекторы, Самар орталық кітапхананың методисі ШҚО Самар ауданы
11.2000-03.2002 жж - ШҚО «Локомотив» бала-жеткіншек клубының педагогі
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ.
03.2002- 01.2005 жж - ШҚО ақпарат және қоғамдық келісім облыстық басқармасының әкімшілік және қаржы бөлімінің маманы, талдау және болжау бөлімінің жетекші, бас маманы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ.
02.2005-01.04.2009 жж - ШҚО әкімі аппаратының Шығыс Қазақстан халықтар Ассамблеясының хатшылығының хатшысы, бас маманы,Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ.
09.2009-12.2012 жж - «ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті» ММ мониторинг және ақпараттық талдау қызметі бөлімінің бастығы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ.
12.2012-08.2013 жж - Самар селолық округі әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Самар ауылы
08.08.2013 – 16.10.2013 - Миролюбовка селолық округі әкімінің міндетін атқарушы
16.10.2013 – қазіргі уақытқа дейін – Миролюбовка селолық округінің әкімі

Функционалдық міндеттері:

Селолық округ әкімі аппараттың жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық етеді және өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді

Селолық округ әкімі заңдарға сәйкес:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен жне азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) селолық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдыќ жұмыстарды ұйымдастырады.
22) селолық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ селолық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
23) Қаладағы аудан, селолық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
24) Әкім нормативтік – құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік – жарлық, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

 

Қабылдау уақыты: дүйсенбі 14.00-ден 18.00-ге дейін.
Адрес: ШҚО, Көкпекті ауданы, Миролюбовка ауылы.
Электрондық пошта адресі: mirolyubovka@kokpekti.vko.gov.kz
Телефон: 8(72 333) 23-680

 

Парақтар өзгертілді: 16-06-2017