Селолық округтер

Сарыбел селолық округінің әкімі

  Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы  
  «Сарыбел селолық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже  

Қарымсақ Санат Батанұлы Сарыбел селолық округінің әкімінің міндетің атқарушысыҚарымсақ Санат Батанұлы
14қазанда 1977 жылы ШҚО облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары, 1998 жылы заңгер мамандығы бойынша «Кайнар» Университетін бітірген.

  Еңбек жолы:
19.06.2000 – 02.05.2001 ж. Шығыс Қазақстан облысы Әділет Басқармасының Сот хатшысының міндетін атқарушысы еңбек шарты бойынша. ШҚО Көкпекті ауылы.
15.05.2001 – 02.09.2001 ж. Көкпекті ауданының сотының мұрағатшысы. ШҚО Көкпекті ауылы.
06.09.2001 – 28.12.2001 ж. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алдын ала даярлау курстарының тындаушысы. ШҚО Өскемен қаласы.
14.02.2002 – 12.11.2002 ж. Көкпекті ауданының Ішкі істер басқармасының жедел кезекшесінің көмекшісі, ШҚО Көкпекті а, Шығыс Қазақстан облысы Әділет министрлігінің қылмыстық атқарушылық жүйесінің ОВ 156/22 мекемесінің тәрбиеші маманы. ШҚО Өскемен қаласы.
23.07.2003 – 08.06.2007 ж. Алматы облысы Ішкі істер департаментінің Сарқан ауданының Ішкі істер бөлімінің қылымсты іздеу бөлімшесінің жедел уәкілі. Алматы облысы Сарқан қ. ШҚО Ішкі істер департаментінің Қатон-Қарағай ауданының Ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы. ШҚО Қатон-қарағай а. ҚР Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің мемлекеттік күзет басқармасының ШҚО мамандырылған күзет қызметінің басқармасының Көкпекті ауданының взвод командиры.
Запастағы офицер полиция аға-лейтенанты
09.06.2007 ж. – «Ерке-Мақпал» ЖШС заңгері.
28.10.2008 – 20.01.2009 ж. ШҚО Сот әкімшісінің Ұржар аумақтық бөлімінің бастығы аға сот орындаушысының міндетің атқарушысы.
20.01.2009 – 19.10.2010 ж. ШҚО Сот әкімшісінің Ұржар аумақтық бөлімінің бастығы аға сот орындаушысы.
19.10.2010 ж. – ҚР Президентінің 17.08.2010 ж. № 1039 және 22.09.2010 ж. № 1066 жарлықтарын орындау мақсатында ҚР жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі Комитетінің таралауына байланысты,  ҚР Еңбек Кодексінің 49 бабына сәйкес, ҚР Әділет Министірлігінің сот актілерін орындау Комитетінің ШҚ облысы бойынша сот актілерін орындау Департаментінің кузырына берілді.
19.10.2010 ж. - ҚР Президентінің 22.09.2010 ж. № 1066 және 17.08.2010 ж. № 1039 жарлықтарына сәйкес ҚР ӘМ сот актілерін орындау комитеті ШҚО Департаментінің Көкпекті аумақтың бөлімінің бөлім бастығы аға сот орындаушысы лауазымына тағайындалды.
08.07.2011 ж. – ШҚО Сот актілерін орындау департаментінің қызметкерлерінің штаттың санын бекітуіне байланысты Көкпекті аумақтың бөлімінің филиалының бөлім бастығы-аға сот орындаушысы лауазымына ауыстырылды.
01.01.20113 ж. – «Аумақтық бөлім бастығы-аға сот орындаушысы» әкімшілік мемлекеттік лауазымы «С-О-4» санатынан «С-О-3» санатына ауысты.
05.04.2013 ж. - «Аумақтық бөлім бастығы-аға сот орындаушысы» әкімшілік мемлекеттік лауазымы (С-О-3 санаты) «Аумақтық бөлім басшысы-аға сот орындаушысы» (С-О-3 санаты) лауазымына ауыстырылды.
03.11.2014 ж. – «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті» РММ. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2014 ж. 23.09. № 1009 «ҚР ӘМ-нің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес, ШҚО Сот актілерін орындау департаментінің ШҚО Әділет департаментіне қосылуына байланысты атқаратын қызметінен босатыла отырып,ШҚО Әділет департаментінің сот актілерін орындау бойынша Көкпекті аумақтық бөлімі филиалының бөлім басшысы- аға сот орындаушысы лауазымына қабылданды.
15.02.2017 – 15.08.2017 ж. – ШҚО Әділет депаратаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасының басшысы.
15.08.2017 ж. – Көкпекті ауданы Сарыбел селолық округінің әкімінің міндетің атқарушысы.

Функционалдық міндеттері:

Селолық округ әкімі аппараттың жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық етеді және өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді

Селолық округ әкімі заңдарға сәйкес:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен жне азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) селолық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдыќ жұмыстарды ұйымдастырады.
22) селолық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ селолық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
23) Қаладағы аудан, селолық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
24) Әкім нормативтік – құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік – жарлық, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

Қабылдау күні: әрбір сейсенбі және бейсенбі сағат 10:00-ден 13:00-ге дейн, апта сайын
Адресі: ШҚО, Көкпекті ауданы, Новотимофеевка ауылы Шоссейная к-сі №19
Электрондық пошта адресі: saribel@kokpekti.vko.gov.kz
Телефон: 8 (72333) 2-45-38

 

Парақтар өзгертілді: 20-11-2017