Селолық округтер

Палатцы селолық округінің әкімі

  Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы
  «Палатцы селолық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Базылагзам Багжамал Базылагзамқызы Округ әкімі – Базылагзам Багжамал Базылагзамқызы
19 қарашада 1963 жылы ШҚО облысы Самар ауданы Самар ауылында туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары, 1997 жылы заңгер, заңгерлік мамандығы бойынша Талдыкургандық заңгерлік университетін бітірген.

 Еңбек жолы:

06.1980- 08.1980 жж – Самар ауданының сыразаводы құюцехтың жұмыскері, ШҚО, Самар ауданы, Самар ауылы
22.08.1981-07.1983 жж – Талды-Кургандық заңгерлік техникумінде студент, Талды-Курган қаласы
08.1983-05.11.1991 жж – Ауыл шаруашылық басқармасында бас заңгер-консульт, ШҚО, Самар ауданы, Самар ауылы
06.11.1991-21.06.1993 жж – Әлеуметтік қамтамассыз ету бөлімінің инспекторы, ШҚО, Самар ауданы, Самар ауылы 
21.06.1993- 28.07.1997 жж – Самар ауданы әкімінің аппарат заңгері, әкімшілік комиссиясының хатшысы, жастар істері, туризм және спорт бөлілінің меңгерушісі,  ШҚО, Самар ауданы, Самар ауылы  
28.07.1997-31.12.2004 жж – Аудан әкімінің аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің әлеуметтік сала сұрақтары бойынша  бас маманы, ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
01.01.2005-01.06.2005 жж – Көкпекті ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы,  ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
03.06.2005-29.01.2007 жж – «Шығыс Қазақстан облысы жер қатынастар басқармасы» ММ  бас маман-заңгер, ШҚО, Өскемен қ.
30.01.2007-14.08.2017 жж – «Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы» ММ ақшалық басқару бөлімі коммуналдық меншіктің басқару болімінің бас маманы, ШҚО, Өскемен қ.
14.08.2017 – қазіргі уақытқа дейін – Палатцы селолық округі әкімінің міндетін атқарушы 

Функционалдық міндеттері:

Селолық округ әкімі аппараттың жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық етеді және өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді

1. Селолық округ әкімі заңдарға сәйкес:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен жне азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) селолық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдыќ жұмыстарды ұйымдастырады.
22) селолық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ селолық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
23) Қаладағы аудан, селолық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
24) Әкім нормативтік – құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік – жарлық, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

Қабылдау уақыты: әрбір сейсенбі және бейсенбі сағат 10:00-ден 13:00-ге дейн, апта сайын
Адресі: ШҚО, Көкпекті ауданы, Палатцы ауылы, Октябрьға 40 жыл к-сі № 1
Электрондық пошта адресі: palatsi@kokpekti.vko.gov.kz
Телефон: 8 (72333) 55-02-43

 

Парақтар өзгертілді: 20-11-2017