Селолық округтер

Көкпекті селолық округінің әкімі

  Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы
  «Көкпекті селолық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Көкпекті селолық округінің міндетін атқарушы - Ниязбаев Ерлан Кизатоллинович
Семей облысы Көкпекті ауданының Большевик ауылында туды. Білімі жоғары, Агротехнология және бизнес университеті 2002 жылда бітірді, мамандығы бойынша біліктілігі: кәсіптік оқыту және еңбек. Өскемен педагогикалық училищесі 1994 жылда бітірді. Мамандығы бойынша біліктілігі еңбек пәнін оқыту. Ұлты- қазақ, отбасылы, екі ұлы бар.

07.1988-08.1989 Қ. Аухадиев атындағы кеншарының жұмысшысы, Көкпекті ауданы, Теректі ауылы
10.1990-08.1992Кеңес әскері қатарындағы қызметі
07.1994-08.1994Қ. Аухадиев атындағы кеншарының жұмысшысы, Көкпекті ауданы, Теректі ауылы
04.1994-11.2012 Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінің еңбекке баулу мұғалімі Теректі ауылы, Көкпекті ауданы
11.2012-08.2013 Үлкенбөкен селолық округі әкімі, Үлкенбөкен ауылы, Көкпекті ауданы Шығыс Қазақстан облысы
08.2013-01.2016 Преображенка орта мектебінің директоры Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Преображенка ауылы
02.2016- қазіргі уақытқа дейін Преображенка орта мектебінің директоры Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Преображенка ауылы.



Функционалдық міндеттері:

Селолық округ әкімі аппараттың жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық етеді және өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді
1. Селолық округ әкімі заңдарға сәйкес: 
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен жне азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi; 
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады; 
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi; 
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық  актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) селолық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; 
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдыќ жұмыстарды ұйымдастырады.
22) селолық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ селолық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
23) Қаладағы аудан, селолық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін. 
24) Әкім нормативтік – құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік – жарлық, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады. 


Қабылдау күні: сейсенбі 14.00-ден 18.00-ге дейін.

Адресі: ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі № 61
Телефоны: 8 (72348) 2-12-71
Электрондық пошта адресі: kokpektiso@kokpekti.vko.gov.kz

Укешова Нина Нурмухамбетовна Укешова Нина Нурмухамбетовна - Көкпекті селолық округ әкімінің орынбасары.

Н.Н. Укешова 05.12.1962 жылғы Семей облысы Көкпекті ауданы Ивановка ауылы туды. Жоғары білімі бар, 2007 жылғы
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Өскемен қаласында бітірді, мамандығы бойынша бiлiктiлiгi экономист. 1995 жылғы Р. Байсеитова атындағы Қаржы- экономикалық техникум бітірді, мамандығы бойынша бiлiктiлiгi есепші-финансист. Қазақ, тұрмыста, екі ұл баланың анасы.
08.1980-06.1984 Көкпекті ауданы Ивановка ауылы «Буденный» атындағы совхозда жұмыс істеді.
07.1984-04.1992 Көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны, Көкпекті ауылы, есепші.
04.1992-10.1994 Аудандық әкімшілік қармағында мемлекеттік тарату жәнем жекешелендіру комитеті, Көкпекті ауылы, бас маман
06.1995-07.1997 Аудандық әкімшілікте тұрғын коммуналдық сұрақтар бойынша,Көкпекті ауылы, бас маман
07.1997-01.1998 Тұрғын үйге төленетін әлеуметтік жәрдем ақша бойынша, Көкпекті ауылы,бөлім меңгерушісі
01.1998-06.1999 Аудандық әкімшіліктің тұрғын үйге төленетін әлеуметтік ақша, саулет, құрылыс және тұрғын коммуналды шаруашылық бөлімі, Көкпекті ауылы,бас маман
06.1999-10.1999 Көкпекті аудандық әлеуметтік жәрдем ақшамен тұрғын үйге төленетін, тұрғындарды еңбек әлеуметтік қорғау бөлімі, Көкпекті ауылы, бас маман
10.1999-12.2004 Аудандық денсаулық сақтау бөлімі, Көкпекті ауылы,бас маман бухгалтер – экономист.
01.2005-10.2015 Көкпекті селолық округінде жұмыс істеді.
10.2015-01.2016 Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Көкпекті ауылы,бас маман
01.2016-12.2016 Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Көкпекті ауылы, басшының м.а.
12.2016- Қазіргі уақытқа дейін Көкпекті селолық округі әкімінің аппараты, Көкпекті ауылы, селолық округ әкімінің орынбасары.

Функционалдық міндеттері:
Селолық округ әкімінің жұмыстарының сұрақтары бойынша аудандық мекемелермен өзара іс-әрекет жасау. Ауылдарды көріктендіру, көгалдандыру туралы іс-шаралар жоспарын құрып, жұмыстарын ұйымдастыру. Қысқы мерзіміне мәдени-әлеуметтік объектілерді дайындау жөнінде жұмыс жүргізу, ауылдардағы жолдарды бақылауға алу. Су тасқының алдын алу туралы және өртке қарсы іс-шаралар жоспарын құрып, жұмыстарды ұйымдастыру. Округке байланысты жоспарлау жұмыстарын жүргізу. Селолық округте салықтың жиналуын қамтамасыз етуді қадағалау, тұрғын халықтың тиісті дәрежедегі санитарлық жағдайын қамтамасыз ету. Тұрғындардың арасында табысы аз адамдарымен жұмыс істеу. Әскерге шақыру учаскесіне әскерге шақырылушылардың келуін қамтамасыз ету. Шаруа қожалықтарымен жұмыс істеу. Ауылдық округі әкімінің тапсырмасын орындау.

 

Парақтар өзгертілді: 17-10-2017