Селолық округтер

Тассай селолық округінің әкімі

  Тассай селолық округі әкімінің 2014 жылғы есеп-беру баяндамасы *.doc 51Kb
  Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы  
  «Тассай селолық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже  

Мазыбаев Ержан Кудайбердыевич Әкім – Мазыбаев Ержан Кудайбердыевич

1981 жылы 12 қарашада Семей облысының Көкпекті ауданының Большевик ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2002 жылы Алматы қаласындағы Д.Қонаев атындағы университетін заңгер және 2007 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қызметтік тізімі: 

01.12.2004 – 09.08.2006 г.г. – орта деңгейдегі біліктілік аға маманы, зейнетақы төлеу орталығы Көкпекті аудандық бөлімшесі, ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы; 
09.08.2006 – 24.03.2009 г.г. – жоғарғы деңгейдегі біліктілік маманы, зейнетақы төлеу орталығы Көкпекті аудандық бөлімшесі, ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы; 
24.03.2009 – 24.12.2015г – Бастық, зейнетақы төлеу орталығы Зайсан аудандық бөлімшесі; 
29.12.2015г – қазіргі уақытқа дейін – Арнайы тесерудің оң қорытындысын алғанға дейін, Тассай селолық округі әкімінің міндетін атқарушы.

Функционалдық міндеттері: 

Селолық округ әкімі аппараттың жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық етеді және өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;
4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) ауыл шаруашылығы саласын дамытуды жүзеге асырады;  шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;
16) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
16) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда,  мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
19) Білім беру саласын дамытуды жүзеге асыру, оның ішінде мектепке дейiн тәрбие беретiн ұйымдардың, мектептердің, кәсіби білім беру мекемелерінің
қызметiн қамтамасыз етедi;
20) денсаулық сақтау мекемелерінің қызметiн қамтамасыз етедi; емдеу мекемелерінде тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға жәрдемдеседі;
21) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
22) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
23) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
24) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

Аудан орталығымен көлiк қатынасын ұйымдастыру жөнiнде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгiзу, сондай-ақ ауылдық (селолық) жерде оқушыларды мектепке дейiн және кейiн қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастыру.
Округ әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
Ауылдық (селолық) округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi
Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және селолық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясын орындайды.

Қабылдау күні: әрбір сейсенбі және бейсенбі сағат 10:00-ден 13:00-ге дейн, апта сайын
Адресі: ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы Горная көшесі, 13
 Электрондық пошта адресі: tassay@kokpekti.vko.gov.kz
Телефоны: 8 (72348) 25-5-50, 25-5-49.

 

Парақтар өзгертілді: 20-11-2017