Құрылыс

  «Көкпекті ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже *.doc 96 KB

2017 ж.

2017 жылы Көкпекті ауданы бойынша  тұрғын үйді тапсырудың аяқталған жоспары - 1800 м2. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында жекеменшік құрылыс салушыларының қаржысы есебінен -1809 м2 тұрғын үй пайдалануға еңгізілді, бұл 105% құрайды.
2016 жылы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында «ШҚО Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылындағы бұрынғы тұрмыстық комбинатының 2-қабатын 16 пәтерін үйге және жапсарлас құрылыстарын жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға және аз қамтылған отбасыларға қайта құру» жұмыстары жүргізуі бастады. Бұрынғы тұрмыстық комбинатының 2 - қабатын және жапсарлас құрылысын ғимаратын сейсмобекіту сондай-ақ тұрмыстық комбинатының 2-қабатымен  жапсарлас құрылыс ғимараттарын  сумен қамтамасыз ету, кәріз желілері және электр желілерінің құрылысы және  сыртқы абаттандыру жұмыстарының, жалпы сметалық құны – 110 759 400 теңге.
Бас мердігер филиал "Енбек-Семей" ШЖҚ РМК "Еңбек" директоры Құсайынов Ерлан Мэлсұлы, Семей қаласы. Қосалқы мердігер ЖШС "АмирСтройГрупп" директоры Ахметов Бауыржан Рахметтолаевич Семей қаласы. Объектіні тапсыру мерзімі келісім-шартқа сәйкес 2017 жылдың маусым айы.
2016 жылғы «ШҚО Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылындағы бұрынғы тұрмыстық комбинатының 2-қабатын 16 пәтерлі үйге және жапсарлас құрылыстарын жетім,  ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға және аз қамтылған отбасыларға  қайта құру» - 64 961 022 тнг. құрайтын жұмыстар  орындалды. «Бұрынғы тұрмыстық комбинатының 2 - қабатын және жапсарлас құрылысын ғимаратын сейсмобекіту» жұмыстары- 22 557 570 тнг. құрайды. «Бұрынғы тұрмыстық комбинатының 2-қабатын және жапсарлас құрылысын ғимаратына  сумен қамтамасыз ету, кәріз желілері және электр желілерінің құрылысы және  сыртқы абаттандыру жұмыстары» -8 627  042тнг. құрайды.
2017 жылғы келесім шарт бойынша қалған - 11 463 710 тнг қаражатты қайта құру жұмыстарына, ғимаратын сейсмобекіту - 1 627 807 тнг, ғимаратты  сумен қамтамасыз ету, кәріз желілері және электр желілерінің құрылысы және  сыртқы абаттандыру жұмыстары- 1 522 419 тнг. қайта құру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақыта объект  қолданысқа енгізілген  жоқ.
2017 жылы Көкпекті ауданында  аяқталған тапсырмалық жоспар бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі - 1 млрд. 259 млн. теңге кұрайды ағымдағы жылдың қаңтар қараша айыларында , іс жүзінде - 1 323 437 млн. теңге орындалды.

 

Мұрағат

  2017 ж.
  2016 ж.
  2015 ж.
  2014 ж.
Парақтар өзгертілді: 16-01-2018