Құрылыс және ТҮКШ

Сабағаттық-кеңесші орган

Тұрғын үй комиссиясы

Тұрғын үй комиссиясының құрамы:
Темиржанов Марат Капарович Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Джилкишев Кайрат Джумагалиевич Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысының міндетің атқарушысы, комиссия төрағасының орынбасары;
Смагулова Гаухар Аскеровна Экономика және қаржы бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
Оразгалиева Бахыт Есимхановна Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
Сарманов Талгат Манафович Көкпекті ауданы мәслихатының хатшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Нугыбаев Бек Назарбекович Ішкі саясат бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
Ныгметжанов Ильяс Ерболович Көкпекті ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі;
Серікова Мөлдір Бауыржанқызы Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, комиссия мүшесі;
Байболова Гульжан Турсыновна Көкпекті ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі;
Чултукова Роза Байтлеувна Кәсіподақ ұйымының төрайымы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Курмангалиева Арайлым Нурлановна Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің статисті, комиссия хатшысы.

Көкпекті ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының ережесі
Көкпекті ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы (бұдан әрі - тұрғын үй комиссиясы) жергілікті атқарушы орган жанынан құрылған, тұрғын үй мәселелері бойынша шешім шығаруға өкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
«Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жұмысшы орган (бұдан әрі - жұмысшы орган) болып табылады.
Тұрғын үй комиссиясы дауыс беру құқығы бар 9 адамнан және дауыс беру құқығы жоқ Тұрғын үй комиссиясының хатшысынан және кәсіподақ ұйымының өкілінен қалыптасады.

Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:
Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары, тұрғын үй комиссиясының төрағасы;
Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары;
Көкпекті ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы;
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
Аудандық маслихат хатшысы, комиссия мүшесі;
Көкпекті ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі;
Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, комиссия мүшесі;
Кәсіподақ ұйымының төрайымы, комиссия мүшесі;
Тұрғын үй комиссиясының хатшысы, жұмысшы орган қызметкері.
Тұрғын үй комиссиясын – Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары басқарады.

Комиссияның міндеттері мен функциялары
Комиссияның негізгі міндеттері мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру туралы не мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы заңды шешім қабылдау болып табылады.

Тұрғын үй комиссиясының функцияларына мыналар жатады:

1) Жалдау (қосымша жалдау), жекешелендіру тәртібінде меншігіне тұрғын үй алу не бұдан бұрын жалға (қосымша жалға берілген) берілген тұрғын үйді ауыстыру үшін өтініш берген үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) өтініштерін уақытында қарауды қамтамасыз ету,
2) Үміткерлер ұсынған құжаттарды тексеру;
3) Үміткерлер ұсынған құжаттарды қарау;
4) Үміткердің өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдау не үміткерге дәлелді бас тарту туралы шешім шығару;
5) Тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын жасау сұрағын қарастыру;
6) Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау сұрағын қарастыру;
7) Тұрғын үйді жекешелендірген кезде оның құнын төлеуге шот ұсыну;
8) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемнің мөлшерін анықтау;
9) Жекешелендіруге жататын тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстыруды жүзеге асыру;
10) Үміткерлердің істерін (материалдардың) сақтау және жүргізу;
11) Мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан үміткерлер және олардың жылжымайтын мүліктері туралы ақпарат сұрау;
12) Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың комиссияның құрамына кірмейтін өкілдерін тарту;
13) Үміткерлерден түсінік алу.
14) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алушылар кезегіне кою.

Тұрғын үй комиссияның қызметін қамтамасыз ету
Тұрғын үй комиссиясы отырысты қажеттілігіне қарай өткізетін орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда, дауыс беру құқығы бар барлық мүшелер болған кезде айына кемінде бір рет отырыс өткізеді.
Тұрғын үй комиссиясының шешіміне Тұрғын үй комиссияның дауыс беру құқығы бар мүшелері қол қояды.
Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелері Тұрғын үй комиссиясының шешімінде көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.
Шешім әрбір үміткер бойынша жеке қабылданады.
Тұрғын үй комиссиясының хатшысы Тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасын (бұдан әрі - хаттама) жүргізеді. Хаттамаға Тұрғын үй комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелері хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.
Тұрғын үй комиссиясы хатшысының, кәсіподақ ұйымыны өкілінің дауыс беру құқығы жоқ.
Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелерінің өздерінің ерекше пікірлерін жазбаша баяндауға және оны хаттамаға қоса бере алады, ол туралы хаттамада белгіленеді.
Тұрғын үй комиссиясының шешімі дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Тұрғын үй комиссиясының отырысы дауыс беру құқығы бар мүшелердің бәрі қатысқанда заңды болып саналады.

Парақтар өзгертілді: 12-12-2017