Құрылыс және ТҮКШ

 

  ТҮКШ
  Құрылыс
  Сабағаттық-кеңесші орган

Жолдар

Көкпекті ауданының автомобиль жолдарының ұзындығы 868,7 км құрайды. Соның ішінде:
Республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» автомобиль жолы, ұзындығы 161 км.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 237 км.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы  470,7 км, сонын ішінде асфальтбетон жабынды 23 км, қара қиыршық тасты жабын 123,6 км, қиыршық тас- малта тасты жабын 307,6 км, жер қабатты жабын 16,5 км. Аталған жолдардың   53 км(11,26%) жақсы жағдайда, 287,7 км (61,12%) қанағаттанарлық жағдайда, 130 км(27,62%) қанағаттанарлықсыз жағдайда. Жергілікті жолдар 56 елді мекенді байланыстырады.

2017 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен жөндеу жұмыстарына  197339,9 мың теңге бөлінген. Соының ішінде:
- Қысқы күтіп ұстауға - 92261,0 мың теңге.
-  Көкпекті, Самар ауылының автомобиль жолдары мен көшелеріне жол қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында 1180,0 мың теңгеге 92 жол белгілері орнатылды.
Елді мекендердің автомобиль жолдары мен көшелерін күтіп ұстау мен жөндеу жұмыстарына - 104878,9  мың теңге бөлінді. Олар:
-   аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеуіне  31006,057 мың  теңге жұмсалды. 6 автомобиль жолдары 56 км жол жөнделді. Автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстары, қысқы күтіп, жазғы күтіп ұстау іс-шаралары арқылы аудан жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайын бұрыңғы қалпында сақтап қалуға мүмкіндік туды.
-   ауданның елді мекендерін абаттандыру мақсатында 6 көшеге жөндеу жұмыстарын жөндеу үшін 2017 жылы 71820,824 мың теңге жұмсалды.
12,642 км жөнделді.

Парақтар өзгертілді: 16-01-2018