Әкім аппараты

Көкпекті ауданы акімі аппаратының персоналды басқару қызметі

Көкпекті ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы (аудан әкімінің аппаратында әдеп бойынша уәкілетті)

Функционалдық міндеттері: 
Бөлімге жалпы басшылық. Бөлімнің жұмысын жоспарлау.  Құжаттардың орындалуына, жұмыс жоспарын тексеру және бақылау. 
Персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
Аудан әкімі аппаратының, дербес бөлімдердің, селолық округтар аппараттарының кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру; Кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
Кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы  қамтамасыз ету;
Конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету.
Еңбек заңнамасы  мен  мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын,  сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік орган басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгізу.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзде де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

Азаматтарды қабылдау
әр айдың бірінші сейсенбісі;

Адресі: Ш. Фахрутдинов көшесі 44/А 
Телефоны: 8 (72348) 2-21-44 

 

Байболова Гульжан Турсыновна

Байболова Гульжан Турсыновна - персоналды басқару қызметінің бас маманы (01-1-2)

Эл.пошта g.baibolova@akimvko.gov.kz
Функционалдық міндеттер: 
Мемлекеттік қызметшілердің және техникалық қызметкерлердің жеке ісін жүргізу; еңбек шарттарын әзірлеу, қызметтік тізімдерді толтыру. Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру;
Еңбек демалысының кестесін әзірлеу. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік және техникалық қызметшілерінің еңбек өтілін белгілеу. Теріс қылықтар бойынша  қызметінен босатылған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер және тәртіптік жауапкершілкке тартылғандар бойынша  ақпарат дайындау.

   
Чултукова Роза Байтлеуовна Чултукова Роза Байтлеуовна - персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы (01-1-1)

Эл.пошта rchultukova@kokpekti.vko.gov.kz
Функционалдық міндеттер: 
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке өтуіне байланысты құжаттарды рәсімдеу; «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерді бос лауазымдық конкурстарға дайындау бойынша жұмыстарды жүргізу; Конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзгеде комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ауысу тәртібімен орналасу бойынша құжаттарды дайындау; Персоналды басқару бойынша талдау жүргізіп есепті әзірлеу. Марапаттау іс-қағаздарын жүргізу.

 

Парақтар өзгертілді: 19-09-2016