Әкім аппараты

Көкпекті ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімі

Смаилова Динара Жумағалиқызы Көкпекті ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің басшысы - Смаилова Динара Жумағалиқызы

1978 жылы 25 ақпанда Семей облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі  жоғары, 2002 жылы заңтану мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық – заң Университетін бітірген.

Қызметтік тізімі:

1.03.2002- 21.08.2002 -  Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлар жұмысы және бақылау бөлімі жетекші маманының міндетін атқарушы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
21.08.2002- 5.01.2003 - Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлар жұмысы және бақылау бөлімінің жетекші маманы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
5.01.2003- 1.01.2005 - Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлар жұмысы және бақылау бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
1.01.2005 -18.04.2008- Аудан әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік құқықтық бөлімнің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
18.04.2008 - 27.05.2008 -Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлар жұмысы және бақылау бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
27.05.2008- 21.04.2009 - Аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
21.04.2009 - 6.03.2012 - Аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі бас инспекторы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
6.03.2012 – 08.01.2013- Аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің бастығы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
08.01.2013 - Қазіргі уақытта Көкпекті ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің басшысы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.

Функционалдық міндеттері:

Аудан әкімі аппаратында іс жүргізуді мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді. Аудан әкімінің, оның аппараты қызметінің құжаттамалық  қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.
Оперативті есеп бойынша, құпия және құпия емес құжаттардың жіберілуін, қаралуын, өтуі жұмыстарын ұйымдастырады, түскен құжаттарға талдау жүргізеді. Аудан әкімі аппаратында құпиялылықтың сақталуына бақылауды жүзеге асырады, құпия іс қағаздарын жүргізеді, аппарат қызметкерлерінің құпия құжатқа жіберілуіне рұқсат қағазын ресімдейді, лауазымдық номенклатурасын, құжаттарды және құпия іс жүргізу жұмыстарын жүргізеді.
Азаматтарды қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, өтініштерге, жүгінімдерге есеп  жүргізеді және олардың уақтылы қаралуын қамтамасыз етеді. 

Құжаттардың өту процесін ұйымдастырады, құжат айналымын ұтымды ұйымдастыруды енгізуді қамтамасыз етеді, осы мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсетеді. Нормативті құқықтық актілер түпнұсқасын, әкімиятпен таратылған өкімшілік құжаттарды сақтауды және шығаруды, ресімдеуді қамтамасыз етеді. Мүдделі кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымдық тұлғалар және азаматтар мәліметіне  аудан әкіміммен және аппарат басшысымен белгіленген тәртіпте әкімият қаулыларын, шешімдерін және аудан әкімінің өкімдерін жеткізеді, көшірмесін береді, азаматтар мен кәсіпорындардың қалауымен анықтама және үзінді-көшірмелер береді және олардың аудан әкімі аппаратындағы қозғалысы туралы анықтама береді. Аудан аппаратында есептегіш және көбейткіш техникалардың,  электрондық пошта және факс байланысымен техникалық қызмет көрсетуді, электронды тасымалдағышта құжаттардың сақталуын  қамтамасыз етеді.
Аудан әкімінің баяндамасына  аппарат басшысына түскен корреспонденцияларға алдын ала қарау және дайындау бойынша  жұмыстар жүргізеді, аудан әкімінің аппарат басшысына түскен құжаттары бойынша тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады, теруді , көшірмесін жасауды және оларды маңызы бойынша таратуды қамтамасыз етеді.

Аудан әкімі аппараты ісінің жиынтық номенклатурасын әзірлейді, мұрағатқа тапсыруға жататын істердің дұрыс қалыстастырылуын, ресімделуін, сонымен қатар құжаттық ақпаратты оперативті пайдалануды қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік сақтауға іріктеуде құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына белгіленген тәртіп бойынша сараптама жүргізеді.
Мекемелермен және азаматтармен қызметтік хат алмасудың мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде жүргізілуін  бақылайды, жаңадан жұмысқа қабылданғандарды  іс жүргізу және істер номенклатурасы бойынша нұсқаулықпен таныстырады.

  Адресі: Ш. Фахрутдинов көшесі 44/А
  Телефоны: 8 (72348) 2-15-39 (факс), 2-72-55
  Электрондық пошта адресі: d.smailova@akimvko.gov.kz

Көкпекті ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімі

Бас маман - Мөлдір Серикқалиқызы Шыныбаева
қызм.тел.8 (72348) 2-72-55
mshinibaeva@kokpekti.vko.gov.kz
   
Инспектор - Жадыра Абайханқызы Далбина
қызм.тел.8 (72348) 2-72-55
Парақтар өзгертілді: 03-10-2016