Әкім аппараты

Заң бөлімі

Ахметжанова Меруерт Турсынгалиевна Көкпекті ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы - Ахметжанова Меруерт Тұрсынғалиқызы

1985 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2007 жылы М.О.Әуезов атындағы Семей Университетін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2009 жылы Қазақ гуманитарлық –заң инновациялық университетін заңтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
2006-2007 ж.ж. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудармашысы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы;
2007-2007 ж.ж. «Көкпекті селолық округі әкімінің аппараты» ММ іс-жүргізушісі, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы;
2007-2007 ж.ж. «Көкпекті селолық округі әкімінің аппараты» ММ жастар саясаты жөніндегі маманының міндетін атқарушы, ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
2007-2008 ж.ж. «Көкпекті селолық округі әкімінің аппараты» ММ жастар саясаты жөніндегі маманы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
2008-2008 ж .ж. «Көкпекті селолық округі әкімінің аппараты» ММ жастар саясаты жөніндегі жетекші маманы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
2008-2010 ж.ж. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлар жұмысы бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
2010-2015 ж.ж. Көкпекті ауданы әкімі аппаратының бақылау бөлімінің басшысы. 2015 жылдың 27 шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Көкпекті ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы.

Функционалдық міндеттері:
-Бөлім жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
-бөлім жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді;
-аудан әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;
-әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеуге, аудан әкімдігінің, аудан активтерінің мәжілістерінде қарау үшін бөлім желісі бойынша мәселелерді дайындауды ұйымдастыруға қатысады;
-әкімдік қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне прокурорлық әрекет ету актілерін қарауды қамтамасыз етеді, оларды талдауды және мониторингін қамтамасыз етеді;
-әкімнің және әкімдіктің актілер жобаларының заңнама талаптарына сәйкес келуін тексереді, оларға беттер бойынша дәйектендіру жүргізеді;
-аудан әкіміне селолық округ әкімдерінің заңға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілерін жою туралы ұсыныстар енгізеді;
-құқықтық мәселелер бойынша аудан әкіміне және оның орынбасарларына консультация береді;
-заңды және жеке тұлғалардың талаптары бойынша сотта әкімдіктің, әкімнің, аудан әкімі аппаратының мүддесін білдіреді;
-Әкімнің құқық қорғау органдармен өзара әрекетін қамтамасыз ету. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өңірлік бағдарламаларды орындауды бақылау.
Бөлім басшысы жоқ болған кезде оның міндеттерін басшылықтың келісімі бойынша бөлім қызметкері орындайды.

Аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің ережесі
Адресі: Ш. Фахрутдинов көшесі 44/А
Телефоны: 8 (72348) 2-23-37
Электрондық пошта адресі: zanbolimi@ kokpekti.vko.gov.kz

Нығметжанов Ильяс Ерболұлы Көкпекті ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы -  Нығметжанов Ильяс Ерболұлы

Функционалдық міндеттері:      
-Терроризмге қарсы комиссияның жұмысын ұйымдастыру, және жүргізу ;
-Өз құзыреті шегінде құқық қорғау органдарымен терроризмге қарсы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын  орындау  ақпарат жинақтау;
-Терроризмге қарсы комиссияның жылдық жоспарының жобасын дайындау;
-Терроризмге қарсы іс-шараларды орындалу және бақылау;
-Бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.

 

 

Жанбаева Жанар Еркеновна Бөлімінің жетекші маманы - Жанбаева Жанар Еркеновна

Функционалдық міндеттері:
-құқық бұзұшылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес, нашақорлыққа қарсы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, адам саудасымен байланысты қылмыстарының болдырмау мен алдын алу сияқты аудандық бағдарламаларды үйлестіруге қатысу.
-Бағдарламаның орындалуы бойынша акпаратты жинақтап, талдап белгіленген уақытта құзырлы органдарға ұсыну.
-Нормативтік құқықтық жобалардың және құқықтық актілердің заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексеру.
-Прокуратураныңұсынымы және наразылықтары бойынша жұмысты жургізу.
-Құқықтық сұрақтар бойынша кеңес беру.
-Белгіленген тәртіпте аудандық әкімдіктің нормошығармалық жұмысы туралы eceбiн ұсынуға дайындау.
-Ауылдық округтерде нотариалдық іс-әрекеттерді жасайтын лауазымды адамдардың жұмысын және олардың уақытында аттестациядан өтуін қадағалау, тоқсан сайын нотариалдық әрекеттердің есебін жинақтау және тапсыру.

 

Парақтар өзгертілді: 30-01-2017