Әкім аппараты

Майкенев Жаслан Талгатович Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Майкенев Жаслан Талғатұлы
1985 жылы 26 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Катон-қарағай ауданы Малонарым ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі-жоғары. 2008 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін бітірген, заңгер; 2010 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын бітірген, экономика бакалавры.   Үйленген, екы қыз тәрбиелеп отыр.

Қызметтік тізімі:
01.05.2005 – 01.07.2006 - заңгер көмекшісі, "Валют-Транзит Банк" ААҚ филиалы Өскемен қаласы.
05.11.2008 -23.02.2009 – біліктілігі жоғары деңгейдегі G-9 маманы, "Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті" ММ.
24.02.2009-29.04.2009 – Өскемен қаласының статистика бөлімі жетекші маманының міндетін уақытша атқарушы, "Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті" ММ.
29.04.2009-07.05.2009 – Өскемен қаласының статистика бөлімінің жетекші маманы, "Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті" ММ.
01.10.2009-29.07.2010 – Өскемен қаласының статистика басқармасы өндірістік салалар статистикасы бөлімінің жетекші маманы, "Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті" ММ.
29.07.2010-19.04.2011 – "Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті" ММ статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасының жетекші маманы.
19.04.2011-10.09.2012 – "Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті" ММ тіркелімдер басқармасының бас маманы.
10.09.2012-08.05.2013 – Өскемен қаласының статистика басқармасының бастығы, "Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті" ММ.
08.05.2013-05.11.2014 – Өскемен қаласының статистика басқармасының басшысы, "Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті" ММ.
05.11.2014-01.10.2018 – Өскемен қаласының статистика басқармасының басшысы, "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің статистика Комитеті Шығыс Қазақстан облысының статистика Департаменті" РММ.
01.10.2018 жылдан бастап Көкпекті ауданы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.
20.12.2011ж-14.01.2018ж Койгелды Аухадиев ауылдық округінің әкімі

Функционалдық міндеттері:
Аудандық бөлімдердің қызметіне басшылық жүргізеді: экономика және қаржы, кәсіпкерік және ауыл шаруашылығы (кәсіпкерлік және туризм мәселері бойынша), сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй – коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің, аудан әкімі аппаратының төтенше жағдай және жұмылдыру дайындығы бөлімінің қызметтерін үйлестіреді.
Жетекшілік ететін салалар бойынша қамтамасыз ету және бақылау:
Мемлекеттік және салалық бағдарламаларының, ауданның аумақтық даму бағдарламасының іске асырылуына;
Ауданда мемлекеттік сатып алу бойынша бақылау жүргізеді;
Аудан рейтингісі мен ауылдық округ әкімдерінің рейтингісіне;
Аудан әкімінің қызметін бағалау үшін негізгі нысаналы көрсеткіштерге жету бойынша меморандумдық көрсеткішіне және аудан мен ауылдық округ әкімдерінің әлеуметтік – экономикалық дамуының аймақ ішілік талдауына;
Аудан және ауылдық округ әкімдерінің басшылық жүргізетін салаларында стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткішіне;
Ағымды, болашақты жоспарлау мен болжау, аудан бюджетіне қалыптастыру, аудан бюджетінің кіріс бөлігін қамтамасыз ету, шығыс бөлігін орындау, бюджет қаражатын мақсатты пайдалану, даму институттарымен және жеке коммуналды нысандарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс – қимылдар жүргізу, аудан әкімдігінің қызметіне рейтинг бағалау, ауданның әлеуметтік – экономикалық даму, бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, экономиканың нақты секторының салаларын дамыту бағдарламасы мәселелерімен шұғылданады.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысына мониторинг жүргізуді, олардың қызметінің тиімділігін талдауды, өндіріс өсімінің қолда бар қорын және аймақта экспорт әлеуетін анықтауды қамтамасыз етеді.
Жобаларды іске асыру үшін инвесторларды тарту бойынша жұмысты ұйымдастырады, соның ішінде аймақтың шикізат өнімін тиімді пайдалану мақсатында және олардың тереңдей қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістерді құруға.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Мемлекеттік бағдарламасының, елдің 2020 жылға дейін аумақтық–кеңістіктік дамуының болжамды схемасының, Аумақтарды дамытуды бағдарламасының жүзеге асырылуына бақылау жүргізу.
Энергетика, сумен қамтамасыз ету бойынша, автокөлік, республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын  жөндеу және ұстау, кәсіпорындарының қызметін қамтамасыз ету мәселелерін, тұрғын үй саясатын, тұрғын үй – коммуналды шаруашылығы кешенінің қызметін қамтамасыз ету мәселелерін  бақылайды.
Тұрғын үй саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс, мобилизация дайындығы мен жұмылдыру, сондай – ақ азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша заңнамасын ұйымдастырады және орындалуын қамтамасыз етеді.
Табиғи және техногенді сипатындағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Тұрғын үй, өндірістік, тұрғын ұй – азаматтық және коммуналдық бағытындағы құрылысы аяқталған нысаналарды, тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын орындау аясындағы тұрғын  үй бағытындағы аяқталған нысаналарды пайдалануға қабылдап алу  бойынша аудандық мемлекеттік комиссияның қызметін бақылайды.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының жеделдету, индустриалды – инновациялық даму жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруын үйлестіреді (жобалардың жүзеге асырылу барысына мониторинг және бақылау), нысандардың пайдалануға мерзімді енгізуді және олардың жобалық күшіне шығуына қамтамасыз ету, Индустрияландыру Картасына енгізу үшін жобаларды іздеу және іріктеу, жеделдету индустриалды – инновациялық даму жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру.
Бизнес қауымдастығының мемлекеттік органдарымен өзара іс – қимылын, әкімшілік кедергілерді төмендету де, бизнесті қолдау бағдарламаларын жүзеге асырылуын үйлестіреді;
Сыртқы байланыстар мен халықаралық қарым – қатынастардың үйлестіру мәселелері, шағын және орта бизнесті дамыту;
Аймақта туризмнің дамуы мәселелерін үйлестіреді (туризм инфрақұрылымы, инвестициялар тарту);
Ауданның от жағу мерзіміне  дайындық  және күзгі – қысқы мерзімдерінде   тыныс – тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың  тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық штабының қызметін үйлестіреді.
2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй – коммуналды  шаруашылығын жаңғырту (жылу, су, энергоқамтамасыз ету нысандарының құрылысы мен қайта құру бойынша жобалардың, көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңғырту бойынша жобалардың  іске асыру барысына бақылау жүргізу), «2011 – 2020 жылдарға арналаған Ақ бұлақ» (тұрғын  халықты сапалы ауыз сумен және суды қайта қайтару қызметтерімен қамтамасыз  ету бойынша  жобалардың орындалу барысына мониторинг  және бақылау) мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуын үйлестіреді.
«Нұрлы жер», «Қолжетімді баспана – 2020»  тұрғын үй құрылысы мемлекеттік  бағдарламаларының жүзеге асыру мәселелерін үйлестіреді.
Құрылыс кәсіпорындарының жұмыстарына мониторинг, қызмет тиімділігінің талдауын жүргізеді, құрылыс өсімінің қолда бар қорларын анықтауды ұйымдастырады.
Құрылыс өнеркәсібін дамыту саласында жобаларды іске асыру үшін инвесторларды тарту мәселелерін үйлестіреді.
Аймақтың жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді.
Қызметтік міндеттерге сәйкес өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді:
Аймақтық деңгейде аудандық мемлекеттік кіріс басқармасымен, аудандық қазынашылық басқармасымен, аудандық статистика басқармасымен, мемлекеттік мүлік және несиелендіру, Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер Палатасы Көкпекті филиалымен, екінші деңгейдегі банктермен, зейнетақы қорымен, шағын  және орта бизнес субъектілермен, өнеркәсіп кәсіпорындарымен, электр торабының кәсіпорнымен, ауданның жол ұйымдарымен, өртке қарсы қызметпен.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, туризм және сыртқы байланыстар басқармаларымен, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен, статистика департаментімен, "ҚазАгроҚаржы" АҚ Шығыс Қазақстан филиалымен, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің "Шығысқазжерқойнауы" өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментімен.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларымен, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармаларымен, "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалымен, "Шығыс су қоймалары"облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен өзара іс-қимыл жасайды.
Аудандық комиссияларға басшылық етеді: мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша, әлеуметтік – еңбек  қарым – қатынастарды реттеу жөніндегі үш жақты комиссия, Семей ядролық сынақ полигонының ядролық сынақтарнан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша даулы мәселелерді шешу жөніндегі комиссия, мұқтаждыққа жататын санаттағы азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арнайы үйлестіру комиссия, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммуналдық мемлекеттік меншігіндегі нысандарын (объектілерді) мүліктік жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру бойынша;
Көкпекті ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының  нысандарын пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік комиссиясы; қысқы жағдайда нысандардың жұмыстарын дайындау бойынша комиссиясы; төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша ведомствоаралық комиссиясы; аудан аумағындағы табиғи өрттерді алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі комиссиясы;
Төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша аудандық комиссия төрағасының орынбасары болып келеді.
Бірінші қажеттілігі бар азық – түліктердің бағасын ұстау бойынша жұмыс тобына Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен «Ертіс СПК НК» АҚ арасындағы 2009 жылғы 10 тамыздағы ынтымақтастық туралы  Меморандумға сәйкес «Жайлау» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобына басшылық жүргізу.
Инфляциялық процесстерді ұстау бойынша аудандық штабты, кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жұмыс тобына, ауданда кәсіпкерлік мәселесі бойынша сараптама кеңесіне басшылық жүргізеді;
Қазақстан Респуликасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуының сапасы мен толықтығына;
Мемлекеттік қызметтерді көрсету;
Қабылданатын әкімдік қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін және басшылық жүргізетін бағыттардың тиісті салалардағы мемлекет саясатына сәйкестігі  үшін, сондай – ақ облыс, аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының және өзге де ұйымдастыру – өкімді сипатындағы құжаттардың орындалуына да жеке жауапкершілік жүргізеді;
Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдіктер жұмысын үйлестіреді;
Жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауын жүргізеді;
Теректі, Шұғылбай, Палатцы, Құлынжон және Тассай ауылдық округтер әкімдерінің жұмысына бақылау жүргізеді;

Қабылдау күні: Әр сейсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін Көкпекті ауылында, әр айдың үшінші сәрсенбісі сағат 16.00-ден  18.00-ге дейін Самар ауылында.
Мекенжайы: Ш. Фахрутдинов көшесі 44/А
Телефоны: 8 (723 48) 2-18-59

Темиржанов Марат Капарович Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары - Темиржанов Марат Капарович
1972 жылы 1 қаңтарда Семей облысының Көкпекті ауданының Ұзын-Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1997 жылы «Семей» мемлекеттік университетін зоотехника мамандығы бойынша және 2009 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қызметтік тізімі:
07.1993 - 07.1996 «Үлгілімалшы» кеңшарының ветеринар технигі;
07.1996 - 08.1997 «Аббат» ЖШС жемшөптеушісі;
09.1997 - 09.2000 Аудандық телекоммуникация торабының электромеханик-төлқұжаттаушы;
03.2003 - 02.2005 «Қабыл Капар» шаруа қожалығының басшысы;
03.2005 - 12.2005 «Шағын кредит Валют Транзит шағын кередит» ЖШС маманы;
12.2005 - 08.2006 «Қабыл Капар» шаруа қожалығының басшысы;
08.2006 - 10.2009 Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;
10. 2009 – 11.2010 Белое селолық округінің әкімі;
11.2010 –12.2015ж ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы;
12.2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары.

Функционалдық міндеттері:
Аудандық бөлімдерінің қызметтерін үйлестіреді: ішкі саясат, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал актілерін тіркеу, білім беру, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту.
Ұйымдастырады:
әлеуметтік – саяси жағдайды зерттейді және болжайды;
денсаулық сақтау және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
мәдениет және өнер салаларында міндеттерді жүзеге асыру;
Өзара іс–қимыл қамтамасыз ету: Аймақтық деңгейде аудандық телекоммуникация торабымен, Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқығын  қорғау жөніндегі Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысының  тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі Департаментінің Көкпекті аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі басқармасымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау Басқамасының «Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық  мемлекеттік кәсіпорнымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасының «Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен, «Көкпекті ауданының ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен, «Көкпекті ауданының Мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен, Әділет басқармасымен, аудандық қорғаныс бөлімімен, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес Акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Көкпекті аудандық бөлімі, «Самар аграрлық – техникалық колледжі»  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен, «Қазпошта» акционерлік қоғамының  Шығыс Қазақстан  облыстық  филиалының Көкпекті аудандық пошта байланысының торабымен, қоғамдық және діни бірлестіктерімен.
Өз құзіреті шегінде әскери  міндет пен әскери қызмет мәселелері бойынша  Қазақстан Республикасының заңнамасының  орындалуын ұйымдастырады  және қамтамасыз етеді.
Телекоммуникация, байланыс кәсіпорындарының қызметін қамтамасыз ету мәселелерін бақылайды.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге  асыруды үйлестіреді, ауданда қолданыстағы азаматтық қоғам институттарымен өзара іс – қимылды қамтамасыз етеді.
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік саланы дамыту мәселелеріне басшылық жүргізеді.
Мәдениет, мұрағат және құжаттану саласында міндеттердің жүзеге асырылуын үйлестіреді.
Көшіп келушілерге, тарихи отанына келген этникалық қазақтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бақылау жүргізу.
Дене шынықтыру мен спорт саласындағы міндеттердің жүзеге асырылуын үйлестіреді.
Елтаңбатану, мемлекеттік нышандар, ономастика мәселелерін үйлестіреді.
Әлеуметтік – саяси және қоғамдық процесстерге мониторинг пен талдау ұйымдастырады.
Қылмысты алдын алу бойынша жұмысты үйлестіреді, алдын алу субъектілерінің өзара іс – қимылдарын ұйымдастырады.
Аудандық комиссияларға басшылық жүргізеді: Көкпекті ауданы әкімдігінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар мен марапаттауға ұсынылатын тұлғалардың құжаттарын қарастыру бойынша, кәмелет жасқа толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау бойынша; абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша; аудандық қоныс аудару коммисиясы; облыстың жоғары оқу орындарында оқуын төлеу үшін мектеп түлектерінің қатарындағы жетім және ата–ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша; жазасын өтеген тұлғаларға әлеуметтік және басқа да көмек көрсету мәселесі бойынша; сондай – ақ, қылмыстық – атқару жүйесінің  органдары мен мекемелерінің қызметі мәселелері бойынша; жастар саясаты мәселесі бойынша аудан әкімінің жанындағы консультациялық – кенесші органдарының қызметі; әйелдер ісі және отбасылық – демографиялық саясаты бойынша; тұрғын халықтың  денсаулығын сақтау мәселесі бойынша; тегін медициналық кепілдірілген  көлем көмегін көрсету бойынша; техникалық және кәсіби білім беруді және кадрларды дайындауды дамыту бойынша; Көкпекті ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясы; әскерге  шақыру комиссиясы.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша Үйлестіру Кеңесіне басшылық етуді.
Қызметтік міндеттеріне сәйкес өзара іс – қимылды қамтамасыз етеді: облыстық ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, тілдерді дамыту, жастар саясаты мәселелері жөніндегі, дін істері басқармаларымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясымен, «Қазақстан «Республикалық Телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен, «Шығыс Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан», Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды үйлестіру.
Мемлекеттік жастар саясатын  жүзеге асыруды үйлестіру.
Басшылық ететін салалар бойынша бақылауды қамтамасыз етеді:
Қазақстан Респуликасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі Кеңсесінің  актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімінің және әкімдігінің  актілері мен тапсырмаларының, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуының сапасы мен толықтығына;
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге;
Мемлекеттік және салалық бағдарламаларының, ауданның аумақтық даму Бағдарламасының іске асырылуына;
ауданның рейтингі мен ауылдық округ әкімдерінің  рейтинг көрсеткіштеріне;
аудандық деңгейде мемлекеттік органдарының қызметіне тиімді бағалау көрсеткіштеріне;
Қабылданатын әкімдік қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін және басшылық жүргізетін бағыттардың тиісті салалардағы мемлекет саясатына сәйкестігі үшін, сондай – ақ облыс, аудан әкімдерінің  хаттамалық  тапсырмаларының және өзге де ұйымдастыру – өкімді сипатындағы құжаттардың орындалуына да жеке жауапкершілік жүргізеді.
Өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауылдық әкімшілік жұмыстарын үйлестіреді.
Жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауын жүргізеді.
Самар, Аққала, Миролюбовка және Биғаш ауылдық округ әкімдерінің қызметіне бақылау жүргізеді. 

Қабылдау күні: Әр сәрсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін Көкпекті ауылында, әр айдың төртінші сәрсенбісі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Самар ауылында
Адресі: Ш. Фахрутдинов көшесі 44/А
Телефон: 8 (72348) 2-72-30
E-mail: m.temirzhanov@akimvko.gov.kz

Койгельдин Даурен БакытжановичАудан әкімінің орынбасары - Қойгельдин Дәурен Бақытжанұлы
1984 жылы 23 қыркүйек күні Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2005 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң Университетін құқықтану, заңгер мамандығы, 2010 жылы Қазақ Қаржы Экономикалық Академиясын қаржы, бакалавр мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын бітірді.
23.05.2006 -7.11.2008 - «Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» ММ, құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы
7.11.2008-06.01.2009 - «Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» ММ, ұйымдастыру және кадрлар жұмысы бөлімінің бастығы.
06.01.2009-01.09.2010 - «Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» ММ, аппарат басшысы.
01.09.2010-01.07.2011 - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында Мемлекеттік және жергілікті басқару Магистрі
01.07.2011-20.12.2011 - «Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» ММ, аппарат басшысы
08.08.2013 – 01.11.2013 - К.Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің міндетін атқарушы 
01.11.2013 –12.01.2018-  К.Аухадиев атындағы селолық округінің әкімі
15.01.2018- қазіргі уақытқа дейін- ауданы әкімінің орынбасары

Функционалдық міндеттері:
Қызметтік міндеттерге сәйкес өзара іс – қимыл қамтамасыз етеді: аудандық деңгейде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясымен, Қазақстан Республикасы өңірлік даму Министрлігінің "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорының Шығыс Қазақстан филиалының Көкпекті аудандық бөлімімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясымен, қызметтік міндеттерге сәйкес облыстық ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармалары мен департаменттерімен, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясымен.
Басшылық жүргізетін салаларға бақылауды қамтамасыз етеді:
Қазақстан Респуликасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі Кеңсесінің  актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімінің және әкімдігінің  актілері мен тапсырмаларының, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуының сапасы мен толықтығына;
Мемлекеттік және салалық  бағдарламаларының, ауданның аумақтық даму Бағдарламасының іске асырылуына;
ауданның  рейтингі мен ауылдық округ әкімдерінің рейтинг көрсеткіштеріне;
аудандық деңгейде мемлекеттік органдарының қызметіне тиімді бағалау көрсеткіштеріне;
Қабылданатын әкімдік қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін және басшылық жүргізетін бағыттардың тиісті салалардағы мемлекет саясатына сәйкестігі  үшін, сондай – ақ облыс, аудан әкімдерінің  хаттамалық  тапсырмаларының  және өзге де ұйымдастыру – өкімді сипатындағы құжаттардың орындалуына да жеке жауапкершілік жүргізеді.
Өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауылдық әкімшілік жұмыстарын үйлестіреді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бақылау.
Жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауын жүргізеді.
Көкпекті, Үлкенбөкен. Қ. Аухадиев атындағы, Сарыбел ауылдық округтары әкімдерінің қызметтеріне бақылау жүргізеді.

Қабылдау күні: Әр сәрсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін Көкпекті ауылында, әр айдың екінші сәрсенбісі сағат 16.00-ден  18.00-ге дейін Самар ауылында;

Парақтар өзгертілді: 24-04-2019