Әкім аппараты

Көкпекті ауданы әкімінің бас инспекторы

Көкпекті ауданы әкімінің бас инспекторы - вакансия

Функционалдық  міндеттер: Аудандық бағдарламаларды дайындауға қатысу. Ауданда іс-шараларды өткізуді үйлестіру. Аудан әкімінің, облыс әкімінің, Премьер-Министрдің, Үкіметтің, Президенттің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауданның мемлекеттік органдарымен және әкімшілік-аумақтық бірліктерінің әкімдерімен байланысты ұйымдастыру. Арнайы техникалық, ақпараттық-талдау жұмыстарын ұйымдастыруда аудан әкімі аппараты басшысының, аудан әкімі орынбасарларының тапсырмаларын орындау. Экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша аудан әкімінің қатысуымен кеңес өткізу үшін ақпараттық – талдау материалдарын жинау және дайындау.
Аудан әкімінің, орынбасарларының қатысуымен өтетін кеңестерге ақпараттық-талдау құжаттарын жинау. Аудан әкімінің кеңесіне қатысушылардың келісілген тізімін дайындау. Уақтылы және жүйелі түрде хабардар ету, олардың тапсырмалары бойынша аудан әкімі; отырыстарының шешімдері мен кеңестер орындаушыларға жеткізу.

Парақтар өзгертілді: 07-12-2018