<
Әкім аппараты

Қаржы- шаруашылық бөлімі

Тойкина Айгерим Канибековна Көкпекті ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы- Тойкина Айгерим Канибековна

Функционалдық  міндеттер: 
Бөлім жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады; Бөлім жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді; бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру, қаржылық және басқа құжаттарды, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті сақтауға, аппарат қызметкерлерінің жалақысына дер кезінде ақша аудару және төлеуге, салықтық есептемелерді сақтау, тауарлық-материалдық құндылықтарды тіркеу және есептен шығарудың дұрыстығына, бюджеттік қаражаттарды мақсатты қолдануды дұрыс ұйымдастыруға бақылау жасау, бюджеттік бағдарламалардың мониторингі, олардың тиімділігіне талдау жасау;
Барлық деңгейдегі нормативтік құжаттарды, соның ішінде өзінің есеп саласындағы  Заңдарын білу. Бөлімнің  сметалық шығындарын есептеп, бюджеттен түсетін қаржылардың есебін жүргізеді. Кассалық және банктік құжаттарды әзірлеп, тексереді, ақша және есеп айырысу операцияларына және бағалы заттарға есеп жүргізеді. Бөлімнің  шығындарын есептеп, бас кітапты толтырады. Бекітілген тізімдемеге сәйкес мемлекеттік органдарға айлық, тоқсандық және жылдық есептерді тапсырады. Сметалық-қаржылық тәртіптің орындалуына бақылау жасайды. Мемлекеттік кірістер басқармасы және басқа мекемелермен салыстыру актілерін жүргізеді. Қазынашылықпен өзара байланысты қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді. Жоғары тұрған уәкілетті органдардың сұраныстарына, хаттарына жауап береді.

 Адрес: ул. Ш. Фахрутдинова 44/А
 Телефон: 8 (72348) 2-17-13
 Адрес электронной почты: a.toikina@akimvko.gov.kz

Парақтар өзгертілді: 14-07-2017