Аудан әкімі Әкім аппараты Мәслихат Аумақтық органдар Селолық округтер Виртуальды қабылдау бөлмесі Сілтемелер

Әкім аппараты

Көкпекті ауданыны әкімінің орынбасары

Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары – Қойгелдина Гүлжан Тұрсынханқызы.

1972 жылы 3 қазанда Семей облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында туған, ұлты қазақ.
Білімі жоғары, 1995 жылы экономист-бухгалтер мамандығы бойынша Қазақ ауылшаруашылық институтын тәмәмдады.
Диплом алғаннан кейін еңбек қызметін Көкпекті ауылындағы «Агросервис» шағын жеке кәсіпорынында бухгалтер ретінде бастаған.
1998-2000, 2001-2004 ж.ж. Көкпекті ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің бас маманы, 2000-2001 ж.ж. бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы болып қызмет етті.
2005 жылдың ақпан айынан бастап Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары.
2009 жылдың ақпанынан Көкпекті ауданының әкімі.
2009 жылдың сәуірінен бастап Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары.

Функционалдық міндеттері:
Аудан экономикасының ағымдағы және оперативті мәселелері қызметі.
Аудандық ведомстволар, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру бойынша селолық округ әкімдері  қызметін үйлестіру. Бюджетті өңдеуге басшылық және оның орындалуын бақылау.
Кәсіпкерлік құрылымына өзара іс-әрекет ету және  қолдау, орта және шағын бизнесті дамыту. Ақпараттық коммуникациялық технологияны енгізу бойынша бекітілген бағдарламаны енгізуге жауапты.

 

   Қабылдау күні: сейсенбі  14.00-ден 18.00-ге дейін.

   Адресі: Ш. Фахрутдинов көшесі 44/А
Телефоны: 8 (723 48) 2-18-59
Электрондық пошта адресі: GKoigeldina_kokpekty@mail.kz

 


Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары – Рәмзи Сабирұлы Беспаев.


1949 жылы 27 қыркүйекте Семей облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында туған. Білімі жоғары, 1971 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Ұлты қазақ, үйленген, екі қызы, бір ұлы бар. «Тыңға 50 жыл» медалімен мараппатталған.

 


Функционалдық міндеттері:

  1. Өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, түрғын үй коммуналды шаруашылығы, тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға оперативті басшылық және қайта құру мәселелері.
  2. Транспорт және байланыс, жол шаруашылығы, төтенше жағдайлар бойынша, жер қойнауын пайдалану, мемлекет мүлігін және жекешелендіру мәселелері.
  3. Энергетика, өнеркәсіп, тұрғын үй коммуналды қызметі құрылысы, транспорт, телекоммуникация кәсіпорындары қызметін үйлестіру.

   Қабылдау күні: сейсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін.

   Адресі:

Ш. Фахрутдинов көшесі 44/А
Телефон: 8 (72348) 2-72-30
Электрондық пошта адресі: RBespaev_kokpekty@mail.kz

 

Көкпекті ауданы әкімі аппаратының басшысы


Көкпекті ауданы әкімі аппаратының басшысы – Раушан Алпысбекқызы Кемербаева.



1970 жылы 14 наурызда Семей облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында туған. Білімі жоғары, 1992 жылы орыс тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін бітірген.  Ұлты қазақ, бір ұлы бар.  


 Функционалдық міндеттері:


  1. Аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша аппарат жұмысын ұйымдастыру. 
  2. Аудан әкімі шешімдерінің сапалы  орындалуына және бақылауда жергілікті атқарушы органдар, аудандық ведомстволар қызметін үйлестіру.
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс және аудан әкімінің нормативтік актілерін орындамағандығы үшін, селолық округ әкімдерін, аудандық ведомстволар басшыларына тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс дайындау.
  4. Аудан әкімінің аудандық мәслихатпен, селолық округ әкімдерімен өзара қызметін қамтамасыз ету.
  5. Аудан әкімімен тағайындалған кадрлар бойынша келісілген ұсыныс енгізу және зерделеу.
  6. Аудан әкімі аппаратының лауазымдарын Е-4, Е-5 санаты бойынша тағайындайды және жұмыстан босатады.

   Адресі:

Ш. Фахрутдинов көшесі 44/А
Телефоны: 8 (72348) 2-18-58
Электрондық пошта адресі: RKemerbaeva_kokpekty@mail.kz

 

Көкпекті ауданы әкімінің көмекшісі

Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиев

1975 жылы 10 ақпанда Семей облысы Жарма ауданы  Михайловка ауылында дүниеге келген.
Үйленген. Екі баласы бар. Ұлты қазақ. 2000 жылы  Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін  тәмамдаған.

Еңбек жолын Семей облысы Жарма ауданы Новореченск ауылындағы Чапаев атындағы орта мектепте мұғалімі  болып 1994-1995 жылдары  бастаған.
1995 ж. тамызынан 1996 ж. ақпаны  аралығында  Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті.
1996 ж. наурызынан 1996 ж. қыркүйегіне дейін  Чапаев атындағы орта мектептің мұғалімі.
1996 ж. қыркүйегінен 2002 ж. қарашасына дейін Чапаев атындағы орта мектеп директорының орынбасары.
2002 ж. қарашасынан 2005 ж. қаңтарына дейін «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің  бастығы
2005 ж. қаңтарынан 2009 жылдың сәуіріне дейін Жарма ауданы әкімінің көмекшісі.
2009 жылдың сәуірінен бүгінгі уақытқа дейін Көкпекті ауданы әкімінің көмекшісі.

Функционалдық міндеттері:

  1. Аудандық  бағдарламаларды  дайындауға  қатысу. Ауданда  өтетін  іс-шараларды үйлестіру.
  2. Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президент, Үкімет, Премьер–Министр, облыс әкімдігі  мен аудан әкімінің  тапсырмаларын  орындау бойынша селолық округ әкімдерінің, аудандық бөлімдердің қызметін үйлестіру.
  3. Аудан әкімінің селолық округ әкімдерімен және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен өзара байланысын ұйымдастыру.

   Адресі:

Ш. Фахрутдинов көшесі 44/А
Телефоны: 8 (723 48) 2-72-30


Аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі бас инспекторы

Аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі бас инспекторы – Динара Жумағалиқызы Смаилова.

1978 жылы 25 ақпанда Семей облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында туған. Білімі  жоғары, 2002 жылы заңтану мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық – заң Университетін бітірген. Ұлты қазақ, тұрмыста, бір қызы бар.

Функционалдық міндеттері:

  1. Аудан әкімі аппараты қызметінде заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және насихаттау, нормативті актілер жобасын дайындауға қатысу, аудан әкімінің мүддесін бекітілген тәртіпте сотта ұсыну, сонымен қатар құқық мәселелерін қарау  бойынша басқа да органдарда. Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша өңірлік бағдарламаның жүзеге асырылуына бақылау.

   Адресі:

Ш. Фахрутдинов көшесі 44/А
Телефоны: 8 (72348) 2-23-37
Электрондық пошта адресі: DSmailova_kokpekty@mail.kz


 

Көкпекті ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – кадрлар жұмысы бөлімі

Көкпекті ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – кадрлар жұмысы бөлімінің бастығы – Нұргүл Базарқызы Фахрутдинова.


1971 жылы 8 маусымда Семей облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында туған. Білімі  жоғары, 1993 жылы орыс тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген Ұлты қазақ, тұрмыста, бір ұл, бір қызы бар.

 
Функционалдық міндеттері:

  1. Бөлімге жалпы басшылық. Бөлімнің жұмысын жоспарлау. Құжаттардың орындалуына , жұмыс жоспарын тексеру және бақылау. Облыс әкімі аппаратымен, селолық округ әкімдерімен, мемлекеттік басқару органдары басшыларымен және аудандық мәслихатпен өзара іс -әрекетті жүзеге асыру.
  2. Сайлау, референдум өткізуде ұйымдастыру-техникалық мәселелер. Азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау.
  3. Әкімшілік- аумақтық бөлу мәселелері. Аудан әкімиятын кадрлар саясатымен қамтамасыз ету. Кадрлар жұмысы бойынша өкім дайындау, аудан әкімі аппараты және селолық округ әкімдері құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныс дайындау. Кадрларды оқытуды ұйымдастыру, аттестация өткізу, конкурстық комиссия жұмысы. Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу. Бөлімде еңбек тәртібінің сақталуына бақылау. 

   Адресі:

Ш. Фахрутдинов көшесі 44/А
Телефоны: 8 (72348) 2-23-57
Электрондық пошта адресі:NFahrutdinova_kokpekty@mail.kz

 

Көкпекті ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің бастығы

Көкпекті ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің бастығы – Владимир Федорович Дрегваль.

1948 жылы 29 маусымда Семей облысы Көкпекті ауданы Қарағандыкөл ауылында туған. Білімі  жоғары, 1984 жылы саясаткер мамандығы бойынша Алматы жоғарғы партиялық мектебін бітірген. Ұлты орыс, үйленген, екі ұлы бар. 

Функционалдық міндеттері:


  1. Аудан әкімі аппаратында іс жүргізуді мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді. Аудан әкімінің, оның аппараты қызметінің құжаттамалық  қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.
  2. Оперативті есеп бойынша, құпия және құпия емес құжаттардың жіберілуін, қаралуын, өтуі жұмыстарын ұйымдастырады, түскен құжаттарға талдау жүргізеді. Аудан әкімі аппаратында құпиялылықтың сақталуына бақылауды жүзеге асырады, құпия іс қағаздарын жүргізеді, аппарат қызметкерлерінің құпия құжатқа жіберілуіне рұқсат қағазын ресімдейді, лауазымдық номенклатурасын, құжаттарды және құпия іс жүргізу жұмыстарын жүргізеді.
  3. Азаматтарды қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, өтініштерге, жүгінімдерге есеп  жүргізеді және олардың уақтылы қаралуын қамтамасыз етеді. 
  4. Құжаттардың өту процесін ұйымдастырады, құжат айналымын ұтымды ұйымдастыруды енгізуді қамтамасыз етеді, осы мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсетеді. Нормативті құқықтық актілер түпнұсқасын, әкімиятпен таратылған өкімшілік құжаттарды сақтауды және шығаруды, ресімдеуді қамтамасыз етеді. Мүдделі кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымдық тұлғалар және азаматтар мәліметіне  аудан әкіміммен және аппарат басшысымен белгіленген тәртіпте әкімият қаулыларын, шешімдерін және аудан әкімінің өкімдерін жеткізеді, көшірмесін береді, азаматтар мен кәсіпорындардың қалауымен анықтама және үзінді-көшірмелер береді және олардың аудан әкімі аппаратындағы қозғалысы туралы анықтама береді. Аудан аппаратында есептегіш және көбейткіш техникалардың,  электрондық пошта және факс байланысымен техникалық қызмет көрсетуді, электронды тасымалдағышта құжаттардың сақталуын  қамтамасыз етеді.
  5. Аудан әкімінің баяндамасына  аппарат басшысына түскен корреспонденцияларға алдын ала қарау және дайындау бойынша  жұмыстар жүргізеді, аудан әкімінің аппарат басшысына түскен құжаттары бойынша тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады, теруді , көшірмесін жасауды және оларды маңызы бойынша таратуды қамтамасыз етеді.
  6. Аудан әкімі аппараты ісінің жиынтық номенклатурасын әзірлейді, мұрағатқа тапсыруға жататын істердің дұрыс қалыстастырылуын, ресімделуін, сонымен қатар құжаттық ақпаратты оперативті пайдалануды қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік сақтауға іріктеуде құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына белгіленген тәртіп бойынша сараптама жүргізеді.
  7. Мекемелермен және азаматтармен қызметтік хат алмасудың мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде жүргізілуін  бақылайды, жаңадан жұмысқа қабылданғандарды  іс жүргізу және істер номенклатурасы бойынша нұсқаулықпен таныстырады.


   Адресі:

Ш. Фахрутдинов көшесі 44/А
Телефоны: 8 (72348) 2-15-39
Электрондық пошта адресі:VDregval_kokpekty@mail.kz

 

 
 
071000, Қазақстан, ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
Ш.Фахрутдинов көшесі, 44 «а»
Сайт әкімшісінің байланыс телефондары: 8 (72348) 2-13-80
8 (72348) 2-72-74