Аудан әкімі Әкім аппараты Мәслихат Аумақтық органдар Селолық округтер Виртуальды қабылдау бөлмесі Сілтемелер

Аудан әкімі

Мусин Дүйсенғазы Мағауяұлы

1957 жылы Жарма ауданы, Ильинка ауылында дүниеге келді. 1979 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын ғалым агроном мамандығы бойынша бітірді. Қазақ гуманитарлық заң институтын заңтану мамандығы бойынша бітіріп, екінші жоғары білім алды. Облыс маслихатында екі мәрте депутат болып сайланды. Ауыл шаруашылығындағы жемісті еңбегі нәтижесінде 1999 жылы 14 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстаң Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» Құрметті атағына ие. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 7 желтоқсандағы № 485 Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

08.1979 – 09.1985  Жарма ауданы, Ленин атындағы колхозда агроном, бас агроном қызметінде.
09.1985 – 0 9.1988 Семей облысы, Қазақстан коммунисттік партиясы Жарма аудандық комитетінің ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі.
05.1988 – 04.1997 Жарма ауданы «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ААҚ басқармасының төрағасы.
04.1997 – 02.2001 Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ААҚ президенті.
02.2001 – 04.2009 Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданының әкімі
04.2009 – Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданының әкімі.

Азаматтарды қабылдау

Аудан әкімі азаматтарды әр аптаның дүйсенбісінде сағ. 14.00-ден 18.00-ге дейін Көкпекті ауылында,
әр айдың бірінші сәрсенбісінде сағ. 15.00-ден 18.00-ге дейін бір рет Самар ауылында қабылдайды.

Телефоны: 8 (723 48) 2-11-01

Қабылдау бөлмесі: 8 (723 48) 2-18-30

Аудан әкімінің құзыреті

Аудан әкімі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста ауданның мүддесін білдіреді.
Облыс әкіміне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің Конституцияны, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдары мен актілерін орындау бөлігіндегі қызметі жөнінде ұсыныс береді.
Облыс әкіміне тиісті тұлғаларды мемлекеттік наградалармен наградтау, оларға құрметті және өзге де атақтарды беру туралы ұсыныс енгізеді.
Аудандық мәслихатқа «Ауданның құрметті азаматы» атағын беру туралы  ұсыныс енгізеді.
Мынадай лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындайды және лауазымынан босатады: жоғары тұрған уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша аудан әкімінің орынбасарларын, аудан әкімі аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ селолық округ әкімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді.
Селолық округ әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қарым-қатынас жасайды.
Мектепке дейінгі ұйымдардың, бастаушы, негізгі және жалпы орта білімнің жалпыоқыту оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім берудің мемлекеттік ұйымдарын, әлеуметтік – мәдени сала мекемелерін қолдайды және материалдық-техникалық  қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Бюджетке салық және басқа міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі.
Аудандық мәслихатқа әкімшілік – аумақтық бірлікті басқару схемасын бекітуге енгізеді.
Аудандық мәслихатқа ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекітуге ұсынады. Қоғамдық кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды және қызметін үйлестіреді. Төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады.
Өз құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері жөніндегі заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді және ұйымдастырады.
Ауданның прокуратурасы, соты, аудандық ішкі істер бөлімі және әділет басқармасымен, Қазақстан Республикасының бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі Комитетінің Шығыс Қазақстан бойынша басқармасымен, Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот әкімшілерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 
 
071000, Қазақстан, ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
Ш.Фахрутдинов көшесі, 44 «а»
Сайт әкімшісінің байланыс телефондары: 8 (72348) 2-13-80
8 (72348) 2-72-74